Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" N 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |
Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы N 20/2 қаулысымен бекітілді |
"Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылыс қызметі, жолаушылар көлігі, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары, телекоммуникациялар желісі (телефон, ұялы байланыс және телерадио тарату) және почталық байланыс салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 59-үй.
10.1 "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:
дүйсенбі – жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы – "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілдегі – государственное учреждение "Управление строительства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Павлодарской области".
12. Мемлекет Павлодар облысының әкімдігі тұлғасында "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
"Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірігу жолымен қайта ұйымдастырылу нәтижесінде туындады, тапсыру актісіне сәйкес олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты және де тараптар дауласатын міндеттемелерді қоса алғанда, құқық иеленушісі болып табылады.
13. Осы ереже "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, пәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: құрылыс қызметі, жолаушылар көлігі, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары, телекоммуникациялар желісі (телефон, ұялы байланыс және телерадио тарату) және почталық байланыс мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу.17. Құрылыс қызметін, жолаушылар көлігін, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, телекоммуникациялар желісі (телефон, ұялы байланыс және телерадио тарату) және почталық байланысты дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаты болып табылады.
18. Құрылыс қызметі, жолаушылар көлігі, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары, телекоммуникациялар желісі (телефон, ұялы байланыс және телерадио тарату) және почталық байланыс мәселелері бойынша іс-шараларды облыс деңгейінде іске асыру "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні болып табылады.
19. Міндеттері:
1) құрылыс қызметін, жолаушылар көлігін, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, телекоммуникациялар желісі, (телефон, ұялы байланыс және телерадио тарату) және почталық байланысты дамытуға бағытталған облыстық саясатты әзірлеу, жолаушылар көлігі, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары, телекоммуникациялар желісі (телефон, ұялы байланыс және телерадио тарату) және почталық байланыс салаларында заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалуына монторинг жүргізуді және талдауды қамтамасыз ету;
2) құрылыс қызметін, жолаушылар көлігін, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, телекоммуникациялар желісін, (телефон, ұялы байланыс және телерадио тарату) және почталық байланысты қолдаудың облыстық инфрақұрылымын дамыту;
3) құрылыс қызметінің, Павлодар облысының жолаушылар көлігі кәсіпорындарының, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын дамыту, жөндеу және ұстау, телекоммуникация желісі (телефон, ұялы байланыс және телерадио тарату) және почталық байланыс қызметтерінің нарығын дамыту бойынша қолайлы болатын жағдайлар жасау бойынша шараларды әзірлеу;
4) жетекші салаларда мониторинг және болжамдау жүйесін ұйымдастыру, жолаушылар көлігі, телекоммуникациялар желісі, (телефон, ұялы байланыс және телерадио тарату) және почталық байланыс жұмысын үйлестіру бойынша шараларды әзірлеу;
5) құрылыс қызметі, жолаушылар көлігі, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары, телекоммуникациялар желісі (телефон, ұялы байланыс және телерадио тарату) және почталық байланыс салаларында басымдықтарды әзірлеу;
6) мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде стандарттар сапасының, сондай-ақ регламенттердің сақталуын қамтамасыз ету.
20. Функциялары:
1) құрылыс қызметі, жолаушылар көлігі, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары, телекоммуникациялар желісі (телефон, ұялы байланыс және телерадио тарату) және почталық байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;
2) құрылыс қызметі, жолаушылар көлігі, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары, телекоммуникациялар желісі (телефон, ұялы байланыс және телерадио тарату) және почталық байланыс салаларында Павлодар облысының стратегиялық, ортамерзімді, әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, талдау, бағалау және болжамдау, инвестициялық бағдарламаларды және жобаларды әзірлеу үрдісіне қатысу;
3) құрылыс қызметін, жолаушылар көлігін, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, телекоммуникациялар желісін (телефон, ұялы байланыс және телерадио тарату) және почталық байланысты дамыту жөніндегі облыстық бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
4) Павлодар облысының облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, жолаушылар көлігін, телекоммуникациялар желісі (телефон, ұялы байланыс және телерадио тарату) және почталық байланысты дамыту мен тиімді басқару жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
5) автомобиль, өзен, теміржол, әуе жолаушылар көлігі кәсіпорындары көрсететін қызметтер нарығын дамыту жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеу;
6) өңірдегі телекоммуникациялар желісі (телефон, ұялы байланыс және телерадио тарату) және почталық байланыс кәсіпорындары қызметінің жай-күйін талдау, оның белсенділігін арттыруға жәрдемдесу;
7) Павлодар облысының аумағында почталық байланыстың тиімді қызмет етуіне жәрдемдесу;
8) құрылыс қызметі, жолаушылар көлігі және жалпы пайдаланымдағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдары саласындағы нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге жәрдемдесу;
9) жетекшілік ететін салалардың әлуметтік-экономикалық даму қарқынының төмендеу себептерін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;
10) Мыналар:
өнеркәсіптік азаматтық құрылысын, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу, ұстау, жер беруді ресімдеу, өнеркәсіптік азаматтық құрылысты, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын салуды, қайта жанартуды, күрделі және орташа жөндеуді техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыру жұмыстарын мемлекеттік сатып алу;
әлеуметтік маңызды теміржол қатынасы бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау бағдарламалары бойынша әкімшінің функцияларын жүзеге асыру;
11) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен көзделген жағдайда, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісінің өкілеттіктерін жүзеге асыру, соның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас оларға қатысты шешімдерді қабылдау;
12) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуларды өткізу үдерісінде конкурстарға тапсырыс беруші мен оны ұйымдастырушысының функцияларын жүзеге асыру, осы мақсаттарға бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылауды жүзеге асыру;
13) облыс аумағындағы автовокзалдар және автостанциялардың тізілімін жүргізу;
14) елді мекендерді (кенттерді, селоларды) бір-бірімен және облыстың бір ауданынан тыс аудандық орталықтармен, облыстық орталықпен байланыстыратын тұрақты қалааралық облысішілік бағыттардың, сондай-ақ жолаушылар мен жүкті автомобильмен тасымалдаудың тізілімін жүргізу;
15) "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерін кәсіби қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды, аттестациялауды ұйымдастыру;
16) "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты мәселелерді шешу;
17) "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
18) облыс әкімінің тапсырмаларын, әкімдігі мен әкімінің актілерін орындау мен орындалуын ұйымдастыру;
19) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланыс орнату және тұрақты дамыту;
20) "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің жоспарларын әзірлеу;
21) тиісті дерекқор құрумен Павлодар облысының бірыңғай электрондық жүйесін ұйымдастыруға қатысу;
22) мыналарға:
жұмыстың сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында басқарма қызметіне;
ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
23) Жеке және заңды тұлғаларға "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі жолдарының жолақ бөлігінде (корнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру", "Жолаушыларды облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық байланыста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның тұпнұсқаларын беру" "Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру", "Шағын көлемдi өздігінен жүзетін кемелердi басқару құқығына куәлiктер беру" мемлекеттік қызметтерін көрсету;
24) автомобиль көлігі, автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
25) Алып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 17.03.2015 N 73/3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
26) Алып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 17.03.2015 N 73/3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
27) Алып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 17.03.2015 N 73/3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
28) техникалық байқау операторларына қызмет өңірі шегінде міндетті техникалық байқауды өткізу кестесін келісімдеу.
29) Павлодар облысының әкімімен анықталатын қолданыстағы заңнамаға сәйкес Павлодар облысы бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулері мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы функциясын атқарады;
30) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;
31) жағалау объектілерін жобалауды, орналастыруды, салуды және пайдалануды келісу;
32) халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
33) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн пайдалану тәртібі мен шарттарын бекіту;
34) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту;
35) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау;
36) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін бекіту;
37) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту;
38) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту;
39) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының индекстерінің атауларын бекіту.
Ескерту. 20-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 26.08.2014 N 280/8 (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.03.2015 N 73/3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
21. Құқықтары мен мiндеттерi:
1) облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына құрылыс қызметін, жолаушылар көлігін, автомобиль жолдарын, телекоммуникациялар желісін (телефон, ұялы байланыс және телерадио тарату) және почталық байланысты дамытудың негізгі бағыттары, проблемаларды жедел шешу жөнінде ұсыныстар енгізу;
2) "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі алдында қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдар мен азаматтардың келісімі бойынша сұрату және алу;
3) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;
4) мемлекеттік органдармен, кәсіпорындармен, ұйымдармен құрылыс қызметі, жолаушылар көлігі, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары, телекоммуникациялар желісі (телефон, ұялы байланыс және телерадио тарату) және почталық байланыс мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
5) мемлекеттік органдарда, сотта "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіру;
6) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу.
3. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.23. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
24. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
25. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкiлеттiгi:
1) "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметін басқаруды жүзеге асырады;
2) "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін белгілейді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;
5) өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
6) "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;
8) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;
9) "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
10) "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді.
"Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
26. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
27. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі және коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (облыстың жергілікті атқарушы органы) арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
28. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
29. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық келісім шартқа сәйкес анықталады.
4. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің органның мүлкі
30. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін."Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
31. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлiк облыстық коммуналдық меншiкке жатады.
32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік
мекемесінді қайта ұйымдастыру және (қысқарту) тарату
33. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.34. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі таратылған жағдайда кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік облыстың коммуналдық меншігінде қалады.
"Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Ескерту. Қаулы тізбемен толықтырылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 26.08.2014 N 280/8 (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1) "Сапаржай Павлодар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2) "Павлодарвокзалсервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.