Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 20/2 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы № 280/8 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 қыркүйекте № 4023 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 179/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 26.06.2017 № 179/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 20/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3711 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 ақпанда "Сарыарқа самалы" газетінде, 2014 жылғы 27 ақпанда "Звезда Прииртышья" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      20-тармақтың 11) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "11) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен көзделген жағдайда, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісінің өкілеттіктерін жүзеге асыру, соның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас оларға қатысты шешімдерді қабылдау;";

      5-бөлімнен кейін келесі мазмұнды мәтінмен толықтырылсын:

      "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) "Сапаржай Павлодар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      2) "Павлодарвокзалсервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".

      2. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады