Павлодар облысының Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде Ережесін бекіту туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 258/29 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 3777 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 168/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 22.11.2017 № 168/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Павлодар облыстық маслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Ұсынылып отырған Павлодар облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережесі бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім бірінші ресми жариялауынан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Г. Досжанова
      Облыстық мәслихаттың хатшысы М. Көбенов

  Облыстық мәслихатының
(V сайланған ХХIХ сессиясы)
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 258/29 шешімімен
Бекітілген

Павлодар облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ереже

1. Жалпы Ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленген және облыстың Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін анықтайды.

      2. Павлодар облысының Құрмет грамотасымен экономиканың, әлеуметтік саланың, ғылым, мәдениет, білім берудің дамуына, ұлтаралық келісім мен өзара түсінушіліктің, әскери және қоғамдық, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметтің және аймақтағы қоғамдық қызметтің нығаюына қосқан жеке үлесі және айтарлықтай жетістіктерге жеткені үшін азаматтар марапатталады.

      3. Павлодар облысының Құрмет грамотасымен марапаттау үшін ұсынымдар еңбек, шығармашылық ұжымдармен, қалалық, аудандық атқарушы және өкілді органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, демократияның, достық пен қоғамдық ынтымақтастықтың нығаюына, Павлодар облысының аумағында әлеуметтік және экономикалық саясаттың қалыптасуы мен іске асырылуына қомақты үлесін қосқаны үшін енгізіледі.

      4. Белгіленген үлгідегі наградтау парағында марапатталушының жеке басын, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, оның нақты сіңірген еңбектерін сипаттайтын мәліметтер, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.

      Наградтау парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды және елтаңбалы мөрмен бекітеді.

2. Павлодар облысы Құрмет грамотасының сипаттамасы

      5. Павлодар облысы Құрмет грамотасының формасы:

      - мемлекеттік тілінде: Павлодар облысы Құрмет грамотасы;

      - орыс тілінде: Почетная грамота Павлодарской области.

      Құрмет грамотасы қосымша жапсырмасы бар, сыртқы жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар көгілдір түсті папкадан тұрады.

      Қосымша жапсырма баспаханалық тәсілмен кеңейтілген түрінде қалың жылтыратылған қағаздан дайындалады. Қосымша жапсырманың сыртқы жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен мемлекеттік тілде "Павлодар облысы" және төменгі бөлігінде орыс тілінде "Павлодарская область" жазулары бейнеленген.

      Қосымша жапсырманың ішкі жағының оң және сол жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және сол жағында мемлекеттік тілде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және оң жағында орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар.

      Қосымша жапсырманың сол жағынан мемлекеттік тілде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбегін атап көрсету үшін арнайы орын белгіленген.

      Қосымша жапсырманың оң жағынан орыс тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің және сіңірген еңбегін атап көрсету үшін арнайы орын белгіленген.

3. Павлодар облысының Құрмет грамотасын тапсыру тәртібі

      6. Павлодар облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім Павлодар облыстық мәслихаты хатшысының және Павлодар облысы әкімінің ұсынысы бойынша Павлодар облысының тиісті мәслихатының сессиясында қабылданады.

      Құрмет грамотасына облыс мәслихатының хатшысы және Павлодар облысының әкімі қол қояды.

      7. Павлодар облысының Құрмет грамотасы тапсыру салтанатты түрде Павлодар облысы мәслихатының хатшысымен және Павлодар облысының әкімімен өткізіледі.

      8. Павлодар облысының Құрмет грамотасымен марапаттау бойынша алдын ала қарастыру және ұсыныстарды дайындау үшін келіп түскен құжаттар Павлодар облысы мәслихатының жанында құрылған азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясына жолданады.

      9. Марапаттау бойынша материалдар Павлодар облысының өкілді органдарында сақталады.

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Павлодарской области

Решение маслихата Павлодарской области от 28 марта 2014 года № 258/29. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 30 апреля 2014 года № 3777. Утратило силу решением маслихата Павлодарской области от 22 ноября 2017 года № 168/17 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Павлодарской области от 22.11.2017 № 168/17 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 12-3) пунктом 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Павлодарский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о награждении Почетной грамотой Павлодарской области.

      2. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию областного маслихата по вопросам обеспечения прав и законных интересов граждан.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Г. Досжанова
      Секретарь областного маслихата М. Кубенов

  Утверждено
решением областного маслихата
(ХХIХ сессия, V созыв)
от 28 марта 2014 года N 258/29

Положение о награждении Почетной грамотой Павлодарской области
1. Общие положения

      1. Настоящее Положение разработано в соответствии Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяет порядок представления к награждению Почетной грамотой области и ее вручения.

      2. Почетной грамотой Павлодарской области награждаются граждане за значительные достижения и личный вклад в развитие экономики, социальной сферы, науки, культуры, образования, укрепление межнационального согласия и взаимопонимания, в воинской, а также иной государственной службы и общественной деятельности региона.

      3. Представления к награждению Почетной грамотой Павлодарской области вносятся трудовыми, творческими коллективами, городскими, районными представительными и исполнительными органами, общественными объединениями, за большой вклад в укрепление демократии, дружбы и общественного согласия, формирование и реализацию социальной и экономической политики на территории Павлодарской области.

      4. В наградном листе установленного образца излагаются данные, характеризующие личность награждаемого, общий трудовой стаж работы в отрасли и в данном коллективе, его конкретные заслуги, сведения об эффективности и качестве работы.

      Наградной лист подписывается руководителем предприятия, организации, учреждения, государственного органа и скрепляется гербовой печатью.

2. Описание Почетной грамоты Павлодарской области

      5. Форма Почетной грамоты Павлодарской области:

      - на государственном языке: Павлодар облысы Құрмет грамотасы;

      - на русском языке: Почетная грамота Павлодарской области.

      Почетная грамота состоит из папки голубого цвета с вкладышем с изображением герба Республики Казахстан на лицевой стороне и надписью на государственном языке "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" и на русском языке "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА".

      Вкладыш изготавливается типографским способом в развернутом виде из плотной лощеной бумаги. На лицевой стороне вкладыша в верхней части нанесено изображение герба Республики Казахстан и надписи на государственном языке в верхней части "Павлодар облысы" и внизу на русском языке "Павлодарская область".

      На развороте с левой и правой сторонах вкладыша нанесено изображение герба Республики Казахстан и надписи с левой стороны на государственном языке "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" и с правой стороны на русском языке "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА".

      С левой стороны вкладыша отведено место для указания фамилии, имени, отчества и заслуг награждаемого на государственном языке.

      С правой стороны вкладыша отведено место для указания фамилии, имени, отчества и заслуг награждаемого на русском языке.

3. Порядок вручения Почетной грамоты Павлодарской области

      6. Решение о награждении Почетной грамотой Павлодарской области принимается на сессии соответствующего маслихата Павлодарской области по представлению секретаря Павлодарского областного маслихата и акима Павлодарской области.

      Почетная Грамота подписывается секретарем маслихата области и акимом Павлодарской области.

      7. Вручение Почетной грамоты Павлодарской области проводится в торжественной обстановке, секретарем маслихата Павлодарской области и акимом Павлодарской области.

      8. Поступившие документы для предварительного рассмотрения и подготовки предложений по награждению Почетной грамотой Павлодарской области направляются в постоянную комиссию по обеспечению прав и законных интересов граждан созданного при маслихате Павлодарской области.

      9. Материалы по награждению хранятся в представительных органах Павлодарской области.