Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі бекітілсін.
2. Павлодар облыстық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы "Павлодар облысының Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде Ережесін бекіту туралы" № 258/29 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3777 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылған деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | О. Крук |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | В. Берковский |
Облыстық мәслихаттың (VІ сайланған ХVIІ сессиясы) 2017 жылғы 22 қарашадағы № 168/17 шешімімен бекітілген |
Павлодар облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленген және облыстың Құрмет грамотасымен наградттауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін анықтайды.
2. Павлодар облысының Құрмет грамотасымен экономиканың, әлеуметтік саланың, ғылым, мәдениет, білім берудің дамуына, ұлтаралық келісім мен өзара түсінушіліктің, әскери және қоғамдық, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметтің және аймақтағы қоғамдық қызметтің нығаюына қосқан жеке үлесі және айтарлықтай жетістіктерге жеткені үшін азаматтар наградталады.
3. Павлодар облысының Құрмет грамотасымен наградтау үшін ұсынымдар еңбек, шығармашылық ұжымдармен, қалалық, аудандық атқарушы және өкілді органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, демократияның, достық пен қоғамдық ынтымақтастықтың нығаюына, Павлодар облысының аумағында әлеуметтік және экономикалық саясаттың қалыптасуы мен іске асырылуына қомақты үлесін қосқаны үшін енгізіледі.
4. Белгіленген үлгідегі наградтау парағында наградталушының жеке басын, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, оның нақты сіңірген еңбектерін сипаттайтын мәліметтер, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.
Наградтау парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 27.06.2023 № 42/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2-тарау. Павлодар облысының Құрмет грамотасының сипаттамасы
5. Павлодар облысының Құрмет грамотасының формасы:
- қазақ тілінде: Павлодар облысының Құрмет грамотасы;
- орыс тілінде: Почетная грамота Павлодарской области.
Құрмет грамотасы қосымша жапсырмасы бар, сыртқы жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және қазақ тілінде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар көгілдір түсті папкадан тұрады.
Қосымша жапсырма баспаханалық тәсілмен кеңейтілген түрінде қалың жылтыратылған қағаздан дайындалады. Қосымша жапсырманың сыртқы жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен қазақ тілінде "Павлодар облысы" және төменгі бөлігінде орыс тілінде "Павлодарская область" жазулары бейнеленген.
Қосымша жапсырманың ішкі жағының оң және сол жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және сол жағында қазақ тілінде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және оң жағында орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар.
Қосымша жапсырманың сол жағынан мемлекеттік тілде наградталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбегін атап көрсету үшін арнайы орын белгіленген.
Қосымша жапсырманың оң жағынан орыс тілінде наградталушының тегін, атын, әкесінің және сіңірген еңбегін атап көрсету үшін арнайы орын белгіленген.
3-тарау. Павлодар облысының Құрмет грамотасын тапсыру тәртібі
6. Павлодар облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім Павлодар облыстық мәслихаты төрағасының және Павлодар облысы әкімінің ұсынысы бойынша Павлодар облысының тиісті мәслихатының сессиясында қабылданады.
Құрмет грамотасына облыс мәслихатының төрағысы және Павлодар облысының әкімі қол қояды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 27.06.2023 № 42/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.7. Павлодар облысының Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде Павлодар облысы мәслихатының төрағысымен және Павлодар облысының әкімімен өткізіледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 27.06.2023 № 42/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.8. Павлодар облысының Құрмет грамотасымен наградтау бойынша алдын ала қарастыру және ұсыныстарды дайындау үшін келіп түскен құжаттар Павлодар облысы мәслихатының жанында құрылған азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, шағын және орта бизнес жөніндегі тұрақты комиссиясына жолданады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 27.06.2023 № 42/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.9. Наградтау бойынша материалдар Павлодар облысының өкілді органдарында сақталады.