Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 қыркүйектегі «Әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекіту туралы» № 1014 қаулысының 11-тармағына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2014 жылға Павлодар облысында субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
облыстық мәслихаттың
хатшысы М. Көбенов
Павлодар облысы мәслихатының
(V сайланған ХХХІV сессиясы)
2014 жылғы 20 тамыздағы
№ 286/34 шешімімен
бекітілді
2014 жылға Павлодар облысында субсидиялауға жататын
әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттардың тізбесі
№ т/б | Қала және аудан атауы | Маршруттардың тізімі |
---|---|---|
1 |
Ақтогай ауданы |
1) Павлодар - Шолақсор |
2 |
Ақсу қаласының ауылдық аймағы |
1) Ақсу - Парамоновка - Ақсу |
3 |
Железин ауданы |
1) Петропавловка - Железинка |
4 |
Качир ауданы |
1) Трофимовка - Тереңкөл |
5 |
Лебяжі ауданы |
1) Жабағалы - Аққу |
6 |
Май ауданы |
1) Ақшыман - Көктөбе - Ақшиман |
7 |
Павлодар ауданы |
1) Маралды - Павлодар - Маралды |
8 |
Успен ауданы |
1) Успен - Надаров |
9 |
Ертіс ауданы |
1) Ертіс - Амангелді |
10 |
Шарбақты ауданы |
1) Шарбақты - Жылы-Бұлақ |