Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Павлодар қаласының коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі анықталсын.
2. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі | Б. Бақауов |
Павлодар қаласы әкімдігінің 2014 жылғы "30" қазандағы № 1424/13 қаулысына қосымша |
Павлодар қаласы коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға)
беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі
1. Осы есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға беру) қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленген және Павлодар қаласының коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалға беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтайды.2. Павлодар қаласы коммуналдық мүлік объектілерін (тұрғын емес қорын) мүліктік жалға беру кезінде жалдау ақысының жылдық есебі келесі формула бойынша есептеледі:
Ап = Бс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
мұндағы:
Ап - жылына қалалық коммуналдық занды тұлғалардың баланстағы мемлекеттік тұрғын емес қордың нысандарын жалға алу ақысының мөлшерлемесі;
Бс - базалық ставка:
тиісті жылға Павлодар қаласының аумағында бір жылға Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген 2,0 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
S - жалға берілетін алаң, шаршы метр;
Кт - құрылыс түрін ескеретін коэффициент;
Кк - тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
Кск - қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
Кр - аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Квд - жалға алушы қызметінің түрін ескеретін коэффициент;
Копф - жалға алушының ұйымдастырушылық-құқықтық түрін ескеретін коэффициент.
Павлодар қаласы коммуналдық мүліктің теңгерім ұстаушысы жалға алушы алып отырған үй-жайлар өлшемдерінің үй-жайлардың өлшемдері сәйкес болуын қамтамасыз береді.
3. Павлодар қаласының коммуналдық мүлік объектілері үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу кезінде қолданылатын коэффициенттер:
Р/с № |
Коэффициенттер түрі |
Коэффициент мөлшері |
1 | Құрылыс түрін ескеретін коэффициент (Кт): | |
1.1 әкімшілік |
1,0 | |
1.2 өндірістік |
0,8 | |
1.3 қоймалық, гараждық, қазандық |
0,6 | |
2 | Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк): | |
2.1 жеке тұратын құрылыс |
1,0 | |
2.2 салынған-жалғай салынған бөлігі |
0,9 | |
2.3 жертөле (жартылай жертөле) бөлігі |
0,7 | |
2.4 жертөле бөлігі |
0,6 | |
3 | Қолайлық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск): | |
3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үйлер үшін қандай да бір коммуникация түрі болмаған кезде әрбір түрі үшін (жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұрғызу, энергиямен қамтамасыз ету) 0,1-ге азаяды |
1,0 | |
4 | Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр): | |
4.1 қала үшін |
2,0 | |
4.2 кент, ауыл |
0,8 | |
4.3 демалыс аймағы |
1,0 | |
5 | Жалға алушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд): | |
5.1 тұрғындарға қызмет көрсету үшін банктердің есеп айырысу-кассалық орталықтары, "Қазпочта" акционерлік қоғамы, банкоматтар, мультикассалар, терминалдар |
2,0 | |
5.2 делдалдық қызмет және кедендік қызметтер көрсету, айырбастау пунктері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер, сонымен қатар радио байланысы, ұялы байланыс қызметтерін көрсететін ұйымдар үшін |
3,0 | |
5.3 қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру үшін |
1,5 | |
5.4 мынадай: ғылым және жоғары білім орта білім мектепке дейінгі білім саласындағы қызметтерді ұйымдастыру үшін |
1,1 | |
5.5 денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласындағы қызметтерді ұйымдастыру үшін |
1,0 | |
5.6 әлеуметтік (денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт) сферада инновациялық технологияны қолданып, қызметтерді ұйымдастыру үшін |
0,5 | |
5.7 қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастыру үшін, өткізу жүйесі бар (шекті қол жеткізу) коммуналдық заңды тұлғалардың ғимараттарында, сондай-ақ жалпы білім беретін ұйымдарда оқушыларға тұрмыстық қызметтер көрсету |
0,5 | |
5.8 жалпы білім беретін ұйымдардағы шағын орталықтарда оқушылар мен балалардың ыстық тамағын ұйымдастыру үшін |
0,4 | |
5.9 қайырымдылық қорымен айналысатын ұйымға назар аудару балалардың халықтың ауыр формальдігі дерті мәселесін шешу туралы |
0,1 | |
5.10 5.1-5.9-тармақтарында көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрлері үшін |
1,9 | |
6 | Жалға алушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф): | |
6.1 сауда-делдальдық қызметтен басқа, өндірістік қызмет ұйымы және тұрғындарға көмек көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілер үшін |
0,9 | |
6.2 акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) Павлодар қаласы әкімдігіне тиесілі елу және одан да көп пайыздарының акциялары (қатысу үлестері) |
0,8 | |
6.3 қайырымдылық және қоғамдық ұйымдар, коммерциялық емес ұйымдар үшін |
0,5 | |
6.4 қалғандары үшін |
1,0 |
4. Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқада тұтынылмайтын заттарды (машиналарды, құрал-жабдықтарды, энергиямен қамтамасыз ету, және су бұрғызумен жабдықтау жүйелерінің тапсырмалы қондырғыларын қоспағанда) мүліктік жалдауға (жалға беру) кезінде жылдық жалдау ақысының есебі осы формула бойынша жүзеге асырылады:
Ап = С х Nam /100 х Кп,
Ап - жабдықтарды, көлік құралдары және басқада тұтынылмайтын заттар үшін бір жылға жалдау ақысының мөлшерлемесі;
С - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтың қалдық құны;
100 пайыз тозуы есепке алынған жабдықтарды, көлік құралдары және басқада тұтынылмайтын заттарды (машиналарды, құрал-жабдықтарды, энергиямен қамтамасыз ету, және су бұрғызумен жабдықтау жүйелерінің тапсырмалы қондырғыларын қоспағанда) жалдауға (жалға беру) кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтірілген) құны 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
Nam - Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары (Салық кодексі);
Кп - төмендету коэффициенті (алпыс пайыздан аса жабдықтар, көлік
құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттардың тозуы кезінде - 0,8 мөлшерінде сауда-саттық (делдальдық) қызметтен басқа халыққа қызмет көрсету саласын дамыту және өндірістік қызметті ұйымдастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ұсыну кезінде - 0,5 мөлшерінде қолданылады).
5. Жалға алудағы жылдық ақысының есебі көлік, жабдықтар, берілген құрылыстың энерго жабдықтары, сумен жабдықтау және су қайтарғыштардың мүліктік жалдау (жалға алу), төмендегі формуламен жүзеге асырылады:
Апл= П х Nam/100,
Апл - машинаға, құрал-жабдыққа энергиямен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұрғызу жүйелерінің тапсырмалы қондырғыларының жылдық жалға алу есебінің мөлшерлемесі;
П - бухгалтерлік есеп деректері бойынша активтердің бастапқы бағасының құны;
Nam - негізгі қаражаттың бөлінген амортизациялық қалпы және материалдық емес активтердің, шамаланған турасы (біркелкі) әдісін есептен шығару бойынша.