Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 20.05.2019 № 314/42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметі-нің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Алушылардың жеке алынған санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 229/31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3784 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 мамырда "Ақсу жолы", "Новый путь" газетінің № 35 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың жиырма алтыншы абзацындағы "Халықаралық мүгедектер күніне орай" сөздері "Қазақстан Республикасының Мүгедектер күнiне орай" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Оразалин |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | М. Омарғалиев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Павлодар облысы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Д. Тұрғанов |
"07" қараша 2014 жыл |