Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 27.11.2020 № 470/69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысының 10-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алушылардың жеке алынған санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмектің келесі мөлшерлері белгіленсін:
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасылардың қатарындағы көп балалы аналарға 2,4 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде;
9 мамыр - Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) қатысушылары мен мүгедектеріне 500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде, сондай-ақ 5 (бес) АЕК мөлшерінде азық-түлік жиынтығы;
Ауғанстандағы әскери іс-қимылдарға қатысқан адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы (бұдан әрі – ЧАЭС) апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдарға (Ауғанстандағы әскери іс-қимылдарға қатысқан және ЧАЭС апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғалардан басқа) 10 (он) АЕК мөлшерінде;
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына 10 (он) АЕК мөлшерінде (1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған адамдардан басқа);
1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
1 қазан - Халықаралық қарттар күніне:
зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарға (тұғаларға), атап айтқанда:
зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын азаматтарға (тұғаларға, зейнеткерлерге) 1,2 АЕК мөлшерінде;
80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарға (зейнеткерлерге) 2,9 АЕК мөлшерінде;
қазанның екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының Мүгедектер күнiне:
18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға, 1, 2-топтағы мүгедектерге, кәмелетке толмаған балалары бар 3 топтағы мүгедек ата-аналарға 2,3 АЕК мөлшерінде.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ғ. Әмірханова |
Қалалық маслихаттың хатшысы | М. Омарғалиев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Павлодар облысының әкімі | Б. Ж. Бақауов |
"15" мамыр 2019 жыл |
Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 20 мамырдағы № 314/42 шешіміне қосымша |
Ақсу қалалық мәслихатының күші жойылды
деп танылған шешімдерінің тізімдемесі
1. Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Алушылардың жеке алынған санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 229/31 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3784 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 мамырда "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде жарияланған);
2. Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 29 қазандағы "Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Алушылардың жеке алынған санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 229/31 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 281/39 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4200 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 желтоқсанда "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде жарияланған);
3. Ақсу қалалық мәслихатының 2015 жылғы 23 ақпандағы "Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Алушылардың жеке алынған санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 229/31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 309/43 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4379 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 наурызда "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде жарияланған);
4. Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі "Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Алушылардың жеке алынған санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 229/31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 55/7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5246 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қыркүйекте "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде жарияланған).