Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 21-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының квоталары:
қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан екі жарым процент;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан екі жарым процент;
интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір процент мөлшерінде белгіленсін.
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдама беру арқылы квоталанатын жұмыс орындарына қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі | А. Вербняк |