Екібастұз қаласында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін 2014 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы N 43/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 ақпанда N 3688 болып тіркелді Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімі аппарат басшысының 2015 жылғы 06 қаңтардағы N 24/1-07/6 хатымен)

     Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімі аппарат басшысының 06.01.2015 N 24/1-07/6 хатымен).
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 21-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының квоталары:
      қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан екі жарым процент;
      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан екі жарым процент;
      интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір процент мөлшерінде белгіленсін.
      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдама беру арқылы квоталанатын жұмыс орындарына қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкіміА. Вербняк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады