Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы, 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңы 97-бабының, 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысына сәйкес, сондай-ақ бюджеттік қаражаттардың есебінен халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Екібастұз қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
2. Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 2 қарашадағы (IV шақырылған кезекті XXV сессия) "Екібастұз қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі туралы" № 300/25 шешімін (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-3-280 тіркелген, 2010 жылғы 20 қарашадағы № 41 "Отарқа" газетінде және № 41 "Голос Экибастуза" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімінің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени дамыту мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К. Сакенова |
Қалалық мәслихат хатшысы | Б. Куспеков |
Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 4 шілдедегі № 243/30 шешімімен бекітілді |
Екібастұз қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" № 94 Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" № 471 бұйрығына сәйкес әзірленді және Екібастұз қаласы мен әкімшілік – аумақтық жанындағы елді мекендерде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын-үй көмегін тағайындау мөлшері мен тәртібін анықтайды.1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
3) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
4) тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган);
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
2. Тұрғын үй көмегі қалалық бюджет қаражаты есебінен осы елді мекендерде тіркелген және тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
3) жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы органмен жалға алынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысы.
Шекті мүмкін болатын шығындар үлесі жеті пайыз мөлшерінде отбасының (азаматының) қосылған табысына белгіленеді.
3. Отбасының (азаматтың) орта жиынтық кірісі Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес есептеледі.
2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы
4. Тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.5. Тұрғын үй көмегін алуға құқықтары жоқ:
1) жеке меншігінде бір үй-жайдан артық тұрғын-үйдің (пәтер, үй) бір бөлігіне ие болып отырған отбасылары (отбасының бір мүшесі) жалға берушілер;
2) үнемі күтімді керек ететін боп танылған мүгедектерді күтуді жүзеге асыратын тұлғалардан басқа жұмысқа жарамды отбасы мүшесі істемейтін, күндізгі бөлімде оқымайтын, әскери қызметте жоқ және жұмыссыз ретінде тіркелмегендердің отбасылары, сексен жастан асқан тұлғалар; жеті жасқа дейінгі (бір немесе одан да көп) балалардың тәрбиесімен айналысатын тұлғалар; төрт және одан да көп, соңғы баланың бірінші сыныпты бітіргенге дейін тоғыз жастан аспауы тиіс, балалардың тәрбиесімен айналысатын көп балалы аналар; жүкті әйелдер; зейнетақы алдындағы жастағы жұмыс істемейтін тұлғалар (зейнетке шығуға екі жыл қалғандар); туберкүлез, жүйкесана аурулары, онкологиялық диспансерлерде есепте тұрған тұлғалар; барлық топтағы мүгедектерден басқа;
3) уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздар.
Тұрғын үй көмегі жұмыссыз адам жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасқан, кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілген күннен бастап, ал Қазақстан Республикасының еңбекке қабілетті азаматтарына Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан күннен бастап қайта қалпына келтіріледі;
4) егер ата-аналары айырылысқан, бiрақ бiрге тұратын балаларына алимент төлеу жөнiнде талап етпесе.
6. Тұрғын үй көмегі оны алуға құқығы пайда болған күннен бастап, тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда тағайындалады.
3. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен нормативтерін айқындау
7. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті тұтынуға жұмсалған есепті-нормативтік шығындарды анықтау аумақтық монополияға қарсы органдар тәртібімен бекітілген, қала тұрғындарының коммуналдық қызметін берушілермен келісілген осы қызмет түріне тарифтер негізінде жүргізіледі.8. Тұрғын үй көмегінің мөлшері баспананы ұстау үшін және коммуналды қызметтерге аударылған төлемақы құнынан аса алмайды.
Баспананы ұстаудың және коммуналды қызметтерді пайдаланудың төлемі, белгіленген нормадан тыс, соның ішінде тағайындау бойынша жалпы негіздерде жүргізіледі.
9. Көмектің ең аз мөлшері бір тоқсанға айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің жартысынан кем болмауы керек.
10. Әлеуметтік шаманың төлем ауқымы мына көлемдегі сомалар болып табылады:
1) пайдалы алаңның бір шаршы метрлі үйді ұстауға төлем ставкасы әлеуметтік шамасына көбейтілген төлемқұны, отбасы мүшелерінің санынан шыға келе;
2) жалпы алаңдағы үйдің бір шаршы метріне берілетін жылу қызметі мен жылу жүйелерін ұстау қызметін төлеу ставкасы әлеуметтік шамаға көбейткендегі отбасы мүшелерінің санынан шыға келе;
3) отбасы мүшелері санына көбейтілген ыстық сумен қамтамасыз ету қызметінің төлем ставкасы. Ыстық сумен жабдықтауды есептеу құралдарының қызметін төлеу нақты, алайда белгіленген мөлшерлемеден аспайтын шығындар бойынша жүргізіледі;
4) отбасы мүшелеріне көбейтілген күл-қоқыстарды шығару қызметіне төлем ставкасы;
5) отбасы мүшелері санына көбейтілгендегі суық сумен жабдықтау және кәріз қызметінің төлем ставкасы. Суық сумен жабдықтауды есептеу құралдарының қызметін төлеу нақты, алайда белгіленген мөлшерлемеден аспайтын шығындар бойынша жүргізіледі;
6) отбасы мүшелері санына көбейтілгендегі электр қуатын тұтыну қызметінің әлеуметтік норма мөлшерінде төлем ставкасы (нақты тұтынудан аспайтын);
7) жалпы үйдің электр қуатын тұтыну және жалпы қолданыстағы жерді және лифт жарықтандыру қызметіне төлем ставкасы;
8) отбасы мүшелеріне көбейтілген бір адамға шаққандағы лифт пайдалану қызметінің төлем ставкасы;
9) телеқатынастың қалалық торабына қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтері.
11. Өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын-үй аумағының әлеуметтік мөлшері:
1) бірінші топтағы мүгедектерге – жалпы алаңның отыз шаршы метрі;
4) "Екібастұз қаласының халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған жалғыз басты және жалғыз тұратын азаматтарға – алаңның отыз шаршы метрі, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес;
жұбайларымен бірге тұрған кезде бір адамға он сегіз шаршы метрден есептегенде, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес;
3) екі немесе одан да көп адамнан тұратын отбасыларға - бір адамға он сегіз шаршы метрден есептегенде, бірақ жалпы алаңнан көп емес;
12. Өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін электрқуатты тұтынудың әлеуметтік шамасы адам басына 110 киловатты/сағатты құрайды.
4. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
13. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады (түпнұсқада ұсынылатын анықтамалардан басқа, салыстыру үшін көшірмелері мен түпнұсқалары):1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
14. Тұрғын үй көмегiн алушылар тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе оның мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде уәкілетті органға он күндік мерзімде хабарлайды.
5. Тұрғын үй көмегін төлеу
15. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын-үй көмегі екінші деңгейдегі банктер арқылы уәкілетті органмен төленеді.16. Азаматтарға тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады, егер оның алушысы коммуналдық қызметтерді, телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi күтiп-ұстауға арналған төлемдерді мақсатты емес түрде пайдаланса және өз уақытымен жүргізбеген жағдайда.
17 . Өтініш иесімен заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға әкеп соққан толық емес жалған мәлімет ұсынылған кезде, өтініш иесіне және оның отбасына тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады.
Тұрғын үй көмегінің заңсыз төленген сомасын өндіртіп алу заңнамамен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.