Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының (V шақырылған кезекті ХХХ сессиясы) 2014 жылғы 4 шілдедегі "Екібастұз қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі туралы" № 243/30 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 5 тамызда № 3905 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 тамызда "Отарқа" газетінде, 2014 жылғы 14 тамызда "Голос Экибастуза" газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік және мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Арсютин |
Қалалық мәслихат хатшысы | Б. Куспеков |