Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 10.08.2020 № 447/56 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының Кодексінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 422 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Екібастұз қаласы бойынша салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
қалалық мәслихат хатшысы | Б. Құспеков |
Екібастұз қалалық мәслихатының (V шақырылған кезекті XXХI сессия) 2014 жылғы 18 тамыздағы № 256/31 шешіміне қосымша |
Тіркелген салық ставкалары
Рет № | Салық салу объектісінің атауы | Бірыңғай тіркелген салық ставкалары (айлық есептік көрсеткіш) |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 4 |
2. | Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 4 |
3. | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
4. | Ойын жолы | 9 |
6. | Бильярд үстелі | 5 |