Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 21 тамыздағы "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" № 256/31 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 10 тамыздағы № 447/56 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 тамызда № 6905 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 21 тамыздағы "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" № 256/31 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4028 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қалалық мәслихатының сессия төрағасы Т. Шмидт
      Екібастұз қалалық маслихатының хатшысы Б. Куспеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады