Аудандық мәслихаттың (V шақырылған XXV (кезектен тыс) сессиясы) 2013 жылғы 24 желтоқсандағы N 99/25 "2014 - 2016 жылдарға арналған Ақтоғай ауданының бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы N 111/28 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 сәуірде N 3756 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы N 99/25 "2014 – 2016 жылдарға арналған Ақтоғай ауданының бюджеті туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 10 қаңтарда N 3665 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 қаңтардағы N 2 "Ауыл тынысы", N 2 "Пульс села" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      7-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "7. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихаттың бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы:                           А. Уақбаева

      Мәслихат хатшысы:                          Т. Мұқанов

О внесении изменений в решение районного маслихата (XXV (внеочередная) сессия, V созыв) от 24 декабря 2013 года N 99/25 "О бюджете Актогайского района на 2014 - 2016 годы"

Решение маслихата Актогайского района Павлодарской области от 27 марта 2014 года N 111/28. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 16 апреля 2014 года N 3756

      В соответствии с пунктом 4 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Закона Республики Казахстан от 17 января 2014 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам агропромышленного комплекса", Актогайский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение районного маслихата от 24 декабря 2013 года  N 99/25 "О бюджете Актогайского района на 2014 - 2016 годы" (зарегистрированное в государственном Реестре нормативных правовых актов 10 января 2014 года N 3665, опубликованное 18 января 2014 года в газетах "Ауыл тынысы" N 2, "Пульс села" N 2) следующие изменения:
      пункт 7 изложить в новой редакции:
      "7. Установить специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах, а также указанным специалистам, работающим в государственных организациях, финансируемых из местных бюджетов, повышенные не менее чем на двадцать пять процентов оклады и тарифные ставки по сравнению со ставками специалистов, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях.".
      2. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Актогайского районного маслихата по бюджетной политике и экономического развития региона.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Председатель сессии:                       А. Уакбаева

      Секретарь маслихата:                       Т. Муканов