Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы N 99/25 "2014 – 2016 жылдарға арналған Ақтоғай ауданының бюджеті туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 10 қаңтарда N 3665 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 қаңтардағы N 2 "Ауыл тынысы", N 2 "Пульс села" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
7-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"7. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихаттың бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы: А. Уақбаева
Мәслихат хатшысы: Т. Мұқанов