РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-4 бабы 1-тармағына және 97–бабы 2–тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ұсынып отырған Баянауыл ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру Ережесі бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Д. Бақаева |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Т. Қасен |
Баянауыл аудандық мәслихатының V сайланған кезектен тыс XXXVII сессиясы 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 204/37 шешімімен Бекітілген |
Баянауыл ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру Ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" № 94 Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысына, Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агентті Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" № 471 бұйрығына сәйкес әзірленді және Баянауыл ауданы мен әкімшілік–аумақтық жанындағы елді мекендерде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын-үй көмегін тағайындау мөлшері мен тәртібін анықтайды.1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
2) отбасының жиынтық табысы - тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кiрiстерінiң жалпы сомасы;
3) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
4) уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (одан әрі – уәкілетті орган);
5) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы.
2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Баянауыл ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
3. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының жеті пайыз көлемінде белгіленеді.
4. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" № 471 бұйрығымен анықталады.
2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және нормативін анықтау
5. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті тұтынуға жұмсалған есепті-нормативтік шығындарды анықтау аумақтық монополияға қарсы органдар тәртібімен бекітілген, қала тұрғындарының коммуналдық қызметін берушілермен келісілген осы қызмет түріне тарифтер негізінде жүргізіледі.6. Тұрғын үй көмегінің мөлшері баспананы ұстау үшін және коммуналды қызметтерге аударылған төлемақы құнынан аса алмайды.
Баспананы ұстаудың және коммуналды қызметтерді пайдаланудың төлемі, белгіленген нормадан тыс, соның ішінде тағайындау бойынша жалпы негіздерде жүргізіледі.
7. Көмектің ең аз мөлшері бір тоқсанға айлық есептік көрсеткіш мөлшерлерінің жартысынан кем болмауы керек.
8. Әлеуметтік шаманың төлем ауқымы мына көлемдегі сомалар болып табылады:
1) пайдалы алаңның бір шаршы метрлі үйді ұстауға төлем ставкасы әлеуметтік шамасына көбейтілген төлемқұны, отбасы мүшелерінің санынан шыға келе;
2) жалпы алаңдағы үйдің бір шаршы метріне берілетін жылу қызметі мен жылу жүйелерін ұстау қызметін төлеу ставкасы әлеуметтік шамаға көбейткендегі отбасы мүшелерінің санынан шыға келе;
3) отбасы мүшелері санына көбейтілген ыстық сумен қамтамасыз ету қызметінің төлем ставкасы. Ыстық сумен жабдықтауды есептеу құралдарының қызметін төлеу нақты, алайда белгіленген мөлшерлемеден аспайтын шығындар бойынша жүргізіледі;
4) отбасы мүшелеріне көбейтілген күл-қоқыстарды шығару қызметіне төлем ставкасы;
5) отбасы мүшелері санына көбейтілгендегі суық сумен жабдықтау және кәріз қызметінің төлем ставкасы. Суық сумен жабдықтауды есептеу құралдарының қызметін төлеу нақты, алайда белгіленген мөлшерлемеден аспайтын шығындар бойынша жүргізіледі;
6) отбасы мүшелері санына көбейтілгендегі электр қуатын тұтыну қызметінің әлеуметтік норма мөлшерінде төлем ставкасы (нақты тұтынудан аспайтын);
7) телеқатынастың аудандық торабына қосылған телефон абоненттік төлемнің ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтері.
9. Өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын – үй аумағының әлеуметтік мөлшері:
1) бірінші топтағы мүгедектерге – жалпы алаңның отыз шаршы метрі;
2) "Баянауыл ауданының халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған жалғыз басты және жалғыз тұратын азаматтарға – алаңның отыз шаршы метрі, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес;
3) екі немесе одан да көп адамнан тұратын отбасыларға – бір адамға он сегіз шаршы метрден есептегенде, бірақ жалпы алаңнан көп емес;
10. Өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін электрқуатты тұтынудың әлеуметтік шамасы адам басына 110 киловатты/ сағатты құрайды.
3. Тұрғын үй көмегін алу құқығы
11. Тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.12. Тұрғын үй көмегін алуға құқықтары жоқ:
1) жеке меншігінде бір үй-жайдан артық тұрғын – үйдің (пәтер, үй) бір бөлігіне ие болып отырған отбасыларға (отбасының бір мүшесі) жалға берушілер;
2) үнемі күтімді керек ететін боп танылған мүгедектерді күтуді жүзеге асыратын тұлғалардан басқа жұмысқа жарамды отбасы мүшесі істемейтін, күндізгі бөлімде оқымайтын, әскери қызметте жоқ және жұмыссыз ретінде тіркелмегендердің отбасылары, сексен жастан асқан тұлғалар; жеті жасқа дейінгі (бір немесе одан да көп) балалардың тәрбиесімен айналысатын тұлғалар; төрт және одан да көп, соңғы баланың бірінші сыныпты бітіргенге дейін тоғыз жастан аспауы тиіс, балалардың тәрбиесімен айналысатын көп балалы аналар; жүкті әйелдер; зейнетақы алдындағы жастағы жұмыс істемейтін тұлғалар (зейнетке шығуға екі жыл қалғандар); туберкулез, жүйкесана аурулары, онкологиялық диспансерлерде есепте тұрған тұлғалар; барлық топтағы мүгедектерден басқа;
3) уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқыду өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздар.
13. Тұрғын үй көмегі оны алуға құқығы пайда болған күннен бастап, тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда тағайындалады.
4. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
14. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады (тұпнұсқада ұсынылатын анықтамалардан басқа, салыстыру үшін көшірмелері мен тұпнұсқалары):1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) тұрғылықты тұратын жері бойынша растайтын құжаттың көшірмесі;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) тұтынылған коммуналдық қызметтердің шоттары;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
15. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе оның мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде уәкілетті органға он күндік мерзімде хабарлайды.
5. Тұрғын үй көмегін төлеу
16. Уәкілетті орган аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді екінші деңгейдегі банктер арқылы көрсетілген шоттарына сәйкес, алушылардың жеке шоттарына аударылады.17. Азаматтарға тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады, егер оның алушысы коммуналдық қызметтерді, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй–жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді күтіп-ұстауға арналған төлемдерді мақсатты емес түрде пайдаланса және өз уақытымен жүргізбеген жағдайда.
18. Өтініш иесімен заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға әкеп соққан толық емес жалған мәлімет ұсынылған кезде, өтініш иесіне және оның отбасына тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады.
Тұрғын үй көмегінің заңсыз төленген сомасын өндіртіп алу заңнамамен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
19. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру, сонымен қатар тиісті жылға қаржыландыру жоспарына сәйкес, бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.