Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңы 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналасуды мұқтаж ететін мүгедектерді жұмысқа қабылдау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік нысандарына байланыссыз Ертіс ауданының кәсіпорындарында және ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамаларды беру жолымен мұқтаж мүгедектерді квота белгіленген жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруда жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ертіс ауданы әкімінің әлеуметтік мәселерін жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен оң күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Пішенбаев |