Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 132/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 мамырда № 3795 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 117/3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 16.05.2016 № 117/3 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңы 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналасуды мұқтаж ететін мүгедектерді жұмысқа қабылдау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік нысандарына байланыссыз Ертіс ауданының кәсіпорындарында және ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамаларды беру жолымен мұқтаж мүгедектерді квота белгіленген жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруда жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ертіс ауданы әкімінің әлеуметтік мәселерін жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен оң күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Пішенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады