"Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 240/8 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 тамызда № 3974 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 1-12/160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 04.07.2017 № 1-12/160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Құрманова

  Павлодар облысы
Лебяжі ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "1" тамыздағы
№ 240/8 қаулысымен
бекітілді

"Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.

      6. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының шешімдерімен, өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140703, Лебяжі ауданы, Жамбыл ауылы, Береговая көшесі, 6.

      10. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:

      дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы – "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района".

      12. Мемлекет Лебяжі ауданының әкімдігі тұлғасында "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Лебяжі ауданының Лебяжі ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      17. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мақсаты ауылдық округ әкімінің ведомстволық қарамағындағы аумақта мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

      18. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәні: ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

      19. Міндеттері:

      1) ауылдық округ әкімінің нормашығармашылық қызметін қамтамасыз ету;

      2) ауылдық округ әкімінің шешімдерін және өкімдерін қабылдау, оларды тиісті ұйымдар мен азаматтарға уақытылы жеткізу;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерін, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      4) ауылдық округ әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, азаматтардың өтініштерін қарастыру, келіп түскен құжаттарды талдау, мемлекеттік және басқа тілдердің қызметін қамтамасыз ету, азаматтар қабылдауын ұйымдастыру;

      5) ауылдық округ әкімінің қатысуымен өтетін отырыстарды, мәжілістерді, семинарларды өткізуді қамтамасыз ету;

      6) мемлекеттік мекеме әкімшісі болып табылатын аудандық бюджеттік бағдарламаларды бекіту үшін аудан әкімдігінің қарастыруына әзірлеу және енгізуді қамтамасыз ету.

      20. Функциялары:

      1) заңнамаға сәйкес шарттар жасайды;

      2) өз құзыреті шегінде шешімдер мен өкімдер қабылдайды, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне нұсқаулар мен тапсырмалар береді;

      3) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

      4) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

      5) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;

      6) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметі актілерінің, орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актілерiнің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

      7) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

      8) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ автомобиль жолдарының пайдаланылуы мен күтіп ұсталуын қамтамасыз етедi;

      9) шаруа немесе фермер қожалықтарын дамытуға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

      10) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

      11) нотариалдық iс-қимылдар жасауды ұйымдастырады;

      12) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      13) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      14) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

      15) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;

      16) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

      17) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

      18) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

      19) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;

      20) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

      21) ауылдық денсаулық сақтау ұйымын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

      22) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

      23) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

      24) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

      25) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

      26) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

      27) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

      28) мектепке дейінгі тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

      29) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

      30) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      31) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

      32) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

      33) аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

      34) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолданады;

      35) учаскелік полиция инспекторларының ерікті көмекшілерінің жұмысын ұйымдастырады;

      36) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

      37) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;

      38) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

      39) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      40) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

      41) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

      42) басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

      43) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;

      44) кіріс көздерін қалыптастырады;

      45) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;

      46) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

      47) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;

      48) елді мекеннің жерлерінде мал жайылымы орындарын белгілейді;

      49) елді мекендер аумағында санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастырады;

      50) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы індеттері туындаған жағдайда, бас ветеринарлық-санитарлық мемлекеттік инспектордың ұсынысымен аймақта карантин немесе шектеу қоятын іс-шаралар белгілеу туралы шешім қабылдайды;

      51) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошағын жою бойынша ветеринарлық іс-шаралар кешенін өткізгеннен кейін бас ветеринарлық-санитарлық мемлекеттік инспектордың ұсынысына қарай карантин немесе шектеу қоятын іс-шараларын алу туралы шешім қабылдайды;

      52) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ветеринарлық пункттерді қызмет бөлмелерімен қамтамасыз етеді;

      53) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауылдық округ әкімінің құзырына жатқызылған басқа да сұрақтарды шешеді.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      Осы ережемен қарастырылған өкілеттілікті іске асыру үшін "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі:

      1) тиісті аумақта басқарудың тиімділігін көтеру жөніндегі сұрақтар бойынша соттарда, мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарда әкімнің, "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін қорғауға;

      2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды лауазымды тұлғалардан сұратып алуға;

      3) Қазақстан Республикасының Президентi, Yкіметі және орталық органдары, облыс, аудан әкімшіліктерінің, әкімдерінің актілерi мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындауға;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын ұстануға.

      "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің міндеттеріне:

      1) әкім аппаратының ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық, талдамалық қызметін жүзеге асыру және материалдық - техникалық қамтамасыз ету;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын жүзеге асыру, ауданның мемлекеттік органдар жүйесінде кадрлар біліктілігін арттыру;

      4) мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау жөнінде уәкілетті органға тиісті ақпарат ұсыну жатады.

3. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшысы жүзеге асырады және "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді атқару үшін дербес жауап береді.

      23. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Лебяжі ауданының әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.

      Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы лауазымы сайланбалы болып табылады.

      24. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;

      2) "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

      3) "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттілігін белгілейді;

      4) "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтайды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;

      5) өз құзыреті шегінде "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерге міндетті өкім шығарады және нұсқаулар береді;

      6) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;

      7) ауылдық округ тұрғындарымен бөлек жиындар өткізеді;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет етеді және дербес жауап береді;

      9) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекемені ұсынады;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктерін, ол болмаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      25. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

      26. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мен үйлестіретін саласындағы уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

      27. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен және ұжымдық шартпен белгіленеді.

4. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      28. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      29. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      31. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      32. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.

"Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      33. "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қарамағында мынадай ұйым бар:

      1) "Лебяжі ауданы әкімдігінің, Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының "Күншуақ" балабақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарата акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района"

Постановление акимата Лебяжинского района Павлодарской области от 1 августа 2014 года № 240/8. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 27 августа 2014 года № 3974. Утратило силу постановлением акимата Лебяжинского района Павлодарской области от 4 июля 2017 года № 1-12/160 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Лебяжинского района Павлодарской области от 04.07.2017 № 1-12/160 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Лебяжинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района".

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района А. Курманова

  Утверждено
постановлением акимата
Лебяжинского района
Павлодарской области
от "1" августа 2014 года
№ 240/8

Положение о государственном учреждении
"Аппарат акима Жамбылского сельского округа
Лебяжинского района"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере местного государственного управления.

      2. Государственное учреждение "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" не имеет ведомств.

      3. Государственное учреждение "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Государственное учреждение "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      5. Государственное учреждение "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Государственное учреждение "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.

      7. Государственное учреждение "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые решением и распоряжением руководителя государственного учреждения "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.

      9. Местонахождение государственного учреждения "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района": Республика Казахстан, Павлодарская область, 140703, Лебяжинский район, село Жамбыл, улица Береговая, 6.

      10. Режим работы государственного учреждения "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района":

      понедельник - пятница с 9.00 до 18.30 часов, обеденный перерыв с 13.00 до 14.30 часов, выходные дни: суббота - воскресенье.

      11. Полное наименование государственного учреждения - "Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района".

      12. Учредителем государственного учреждения "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" является государство в лице акимата Лебяжинского района.

      13. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района".

      14. Финансирование деятельности государственного учреждения "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" осуществляется из местного бюджета.

      15. Государственному учреждению "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района".

      Если государственному учреждению "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, цель, предмет деятельности, основные задачи,
функции, права и обязанности государственного учреждения
"Аппарат акима Жамбылского сельского округа
Лебяжинского района"

      16. Миссия государственного учреждения "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района": проведение государственной политики на соответствующей административно-территориальной единице.

      17. Целью государственного учреждения "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" является обеспечение деятельности акима сельского округа по реализации государственной политики на подведомственной территории.

      18. Предметом деятельности государственного учреждения "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" является информационно-аналитическое, организационно-правовое, материально-техническое обеспечение деятельности акима сельского округа.

      19. Задачи:

      1) обеспечение нормотворческой деятельности акима сельского округа;

      2) принятие решений и распоряжений акима сельского округа, своевременное доведение их до соответствующих организаций и граждан;

      3) организация и обеспечение исполнения законов Республики Казахстан, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, иных нормативных правовых актов постановлений акимата области и района, решений и распоряжений акима области и района;

      4) документационное обеспечение деятельности акима сельского округа, рассмотрение служебных документов, обращений граждан, анализ поступающих документов, обеспечение функционирования государственного и других языков, организация приема граждан;

      5) обеспечение проведения заседаний, совещаний, семинаров с участием акима сельского округа;

      6) обеспечение разработки и внесение на рассмотрение акимата района для утверждения районных бюджетных программ, администратором которых является государственное учреждение.

      20. Функции:

      1) заключает договоры в соответствии с законодательством;

      2) принимает в пределах своей компетенции решения и распоряжения, дает указания и поручения работникам государственного учреждения;

      3) рассматривает обращения, заявления, жалобы граждан, принимает меры по защите прав и свобод граждан;

      4) содействует сбору налогов и других обязательных платежей в бюджет;

      5) разрабатывает и вносит в вышестоящий акимат района для утверждения соответствующим маслихатом бюджетные программы, администратором которых выступает аппарат акима;

      6) содействует исполнению гражданами и юридическими лицами норм Конституции Республики Казахстан, законов и актов Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативных правовых актов, центральных и местных государственных органов;

      7) в целях своей компетенции осуществляет регулирование земельных отношений;

      8) обеспечивает сохранение коммунального жилищного фонда, а также эксплуатацию и содержание автомобильных дорог;

      9) содействует развитию крестьянских или фермерских хозяйств, развитию предпринимательской деятельности;

      10) в пределах своей компетенции организует и обеспечивает исполнение законодательства по вопросам о воинской обязанности и воинской службы, мобилизационной подготовки и мобилизации, а также в сфере гражданской защиты;

      11) организует совершение нотариальных действий;

      12) организует работу по сохранению исторического и культурного наследия;

      13) выявляет малообеспеченных лиц, вносит в вышестоящие органы предложения по обеспечению занятости, оказанию адресной социальной помощи, организует обслуживание одиноких престарелых и нетрудоспособных граждан на дому;

      14) обеспечивает трудоустройство лиц, состоящих на учете в службе пробации уголовно-исполнительной инспекции, и оказывает иную социально-правовую помощь;

      15) организует помощь инвалидам;

      16) организует общественные работы, молодежную практику и социальные рабочие места;

      17) организует совместно с уполномоченным органом по физической культуре и спорту и общественными объединениями инвалидов проведение оздоровительных и спортивных мероприятий среди инвалидов;

      18) организует совместно с общественными объединениями инвалидов культурно-массовые и просветительские мероприятия;

      19) координирует оказание благотворительной и социальной помощи инвалидам;

      20) координирует оказание социально уязвимым слоям населения благотворительной помощи;

      21) содействует кадровому обеспечению сельской организации здравоохранения;

      22) содействует развитию местной социальной инфраструктуры;

      23) организует движение общественного транспорта;

      24) в случае необходимости оказания неотложной медицинской помощи организует доставку больных до ближайшей организации здравоохранения, оказывающей врачебную помощь;

      25) взаимодействует с органами местного самоуправления;

      26) осуществляет похозяйственный учет;

      27) принимает участие в работе сессии районного маслихата при утверждении (уточнении) местного бюджета;

      28) поддерживает и оказывает содействие в материально-техническом обеспечении дошкольной организаций, учреждений культуры;

      29) организует в пределах своей компетенции водоснабжение населенных пунктов и регулирует вопросы водопользования;

      30) организует работы по благоустройству, освещению, озеленению и санитарной очистке населенных пунктов;

      31) организует погребение безродных и общественные работы по содержанию в надлежащем состоянии кладбищ и иных мест захоронения;

      32) ведет реестр непрофессиональных медиаторов;

      33) вносит в районный исполнительный орган предложения по организации транспортного сообщения с районным центром, а также организация бесплатного подвоза учащихся до школ и обратно в сельскую местность;

      34) принимает меры по противодействию коррупции в государственном учреждении;

      35) организует работу добровольных помощников участковых;

      36) составляют и утверждают сводный план поступлений и расходов денег от реализации государственными учреждениями товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении, в соответствии с бюджетными законодательством Республики Казахстан;

      37) предоставляет переданное в управление районное коммунальное имущество в имущественный наем (аренду) физическим лицам и негосударственным юридическим лицам без права последующего выкупа;

      38) определяет приоритетные направления деятельности и обязательные объемы работ (услуг), финансируемых из бюджета, переданных коммунальных государственных предприятий;

      39) обеспечивает сохранность переданного коммунального имущества;

      40) осуществляет управление переданными районными коммунальными юридическими лицами;

      41) согласовывает годовую финансовую отчетность переданного в управление районного коммунального государственного предприятия, утверждаемую решением местного исполнительного органа;

      42) устанавливает цены на товары (работы, услуги), производимые и реализуемые переданными в управление коммунальными казенными предприятиями;

      43) утверждает индивидуальные планы финансирования переданных районных коммунальных государственных учреждений из местного бюджета;

      44) формирует доходные источники;

      45) обеспечивает открытие в центральном уполномоченном органе по исполнению бюджета контрольного счета наличности местного самоуправления, предназначенного для зачисления денег, направляемых акимами на реализацию функций местного самоуправления;

      46) принимает работников по трудовому договору за счет экономии бюджетных средств и (или) поступлений, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о местном государственном управлении и самоуправлении;

      47) утверждает план поступлений и расходов денег местного самоуправления после согласования с собранием местного сообщества;

      48) определение мест выпаса животных на землях населенного пункта;

      49) организация санитарной очистки территории населенных пунктов;

      50) принятие решений об установлении карантина или ограничительных мероприятий по представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора в случае возникновения заразных болезней животных на соответствующей территории;

      51) принятие решений о снятии карантина или ограничительных мероприятий по представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора после проведения комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации очагов заразных болезней животных на соответствующей территории;

      52) обеспечение ветеринарных пунктов служебными помещениями в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      53) решает в соответствии с действующим законодательством иные вопросы отнесенные к компетенции акима сельского округа.

      21. Права и обязанности:

      Государственное учреждение "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" для реализации предусмотренным настоящим положением полномочий имеет право:

      1) представлять интересы акима, государственного учреждения "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" в судах, во взаимоотношениях с государственными органами, организации по вопросам повышения эффективности управления на соответствующей территории;

      2) в пределах своей компетенции запрашивать и получать необходимую информацию, документы и иные материалы от должностных лиц государственных органов и других организации;

      3) исполнять качественно в срок акты и поручения Президента, Правительства Республики Казахстан и иных центральных органов, акимов и акиматов области, района;

      4) соблюдать нормы действующего законодательства Республики Казахстан.

      В обязанности государственного учреждения "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" входит:

      1) осуществление организационной, правовой, информационной, аналитической работы аппарата акима и его материально-техническое обеспечение;

      2) качественное оказание государственных услуг населению в соответствии с действующим законодательством;

      3) реализация законодательства Республики Казахстан о государственной службе, повышение квалификации кадров в системе государственных органов района;

      4) представлять соответствующую информацию в уполномоченный орган по оценке качества оказания государственных услуг.

3. Организация деятельности государственного учреждения
"Аппарат акима Жамбылского сельского округа
Лебяжинского района"

      22. Руководство государственным учреждением "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнения возложенных на государственное учреждение "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" задач и осуществление им своих функции.

      23. Первый руководитель государственного учреждения "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" назначается на должность и освобождается от должности акимом Лебяжинского района в соответствии с действующим законодательством.

      Должность первого руководителя государственного учреждения является выборной.

      24. Полномочия первого руководителя государственного учреждения Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района":

      1) представляет на утверждение акимата района Положение о государственном учреждение "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района";

      2) назначает на должность и освобождает от должности сотрудников государственного учреждения "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района";

      3) определяет обязанности и полномочия работников государственного учреждения "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района";

      4) осуществляет в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, поощрение работников государственного учреждения "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района", оказание материальной помощи, наложение на них дисциплинарных взыскании;

      5) издает распоряжение и дает указание по вопросам, входящий в его компетенцию, обязательные для выполнения всеми работниками государственного учреждения "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района";

      6) подписывает служебную документацию в пределах своей компетенции;

      7) проводит раздельные сходы с населением сельского округа;

      8) противодействует коррупции и несет за это персональную ответственность;

      9) представляет государственное учреждение в государственных органах, иных организациях;

      10) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      25. Взаимоотношение между государственным учреждением "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" и уполномоченным органом по управлению коммунальным имуществом (местным исполнительным органом) регулируется действующим законодательством Республики Казахстан.

      26. Взаимоотношение между государственным учреждением "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" и уполномоченным органом соответствующей отрасли (местным исполнительным органом) регулируется действующим законодательством Республики Казахстан.

      27. Взаимоотношение между администрацией государственного учреждения "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" с трудовым коллективом определяется в соответствии с Трудовым Кодексом Республики Казахстан и коллективным договором.

4. Имущество государственного учреждения "Аппарат акима
Жамбылского сельского округа Лебяжинского района"

      28. Государственное учреждение "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество государственного учреждения "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      29. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" относится к районной коммунальной собственности.

      30. Государственное учреждение "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение (ликвидация) государственного
учреждения "Аппарат акима Жамбылского сельского округа
Лебяжинского района"

      31. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      32. При упразднении (ликвидации) государственного учреждения "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" имущество, оставшееся после удовлетворения требований кредиторов, остается в районной коммунальной собственности.

Перечень организаций, находящихся в ведении государственного
учреждения "Аппарат акима Жамбылского сельского округа
Лебяжинского района"

      33. Государственное учреждение "Аппарат акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района" имеет следующие организации, находящиеся в ведении:

      1) Государственное казенное коммунальное предприятие "Детский сад "Күншуақ"" аппарата акима Жамбылского сельского округа Лебяжинского района, акимата Лебяжинского района".