Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 5/36 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 03 қазанда № 4048 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 шілдедегі № 264/55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 24.07.2020 № 264/55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3–бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 Қаулысына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % мөлшерде бекітілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджеттік саясат, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Жиеналин
      Аудандық мәслихат хатшысы Қ. Әлтаев

  Лебяжі аудандық мәслихатының
(V сайланған ХXXVI (кезектен тыс)
сессиясы) 2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 5/36 шешімімен
Бекітілген

Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округінің аумағында бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 Қаулысына сәйкес әзірленді және Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округі аумағында ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Жамбыл ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Лебяжі ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауылдар шегінде бөлек жиынды өткізуді Жамбыл ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округінің тиісті ауылдардың қатысып отырған және оған қатысу құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Лебяжі ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Жамбылского сельского округа Лебяжинского района

Решение маслихата Лебяжинского района Павлодарской области от 24 сентября 2014 года № 5/36. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 03 октября 2014 года № 4048. Утратило силу решением маслихата района Аққулы Павлодарской области от 24 июля 2020 года № 264/55 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением маслихата района Аққулы Павлодарской области от 24.07.2020 № 264/55 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества", Лебяжинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Жамбылского сельского округа Лебяжинского района.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей сел Жамбылского сельского округа Лебяжинского района для участия в сходе местного сообщества в количестве 1 (один) % от общего числа жителей сел.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по экономике и бюджетной политике, законности и защите прав человека.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии К. Жиеналин
      Секретарь районного маслихата К. Альтаев

  Утвержден
решением сессии
(ХХXVI (внеочередная)
сессия V созыв) Лебяжинского
районного маслихата от
24 сентября 2014 года № 5/36

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на
территории Жамбылского сельского округа Лебяжинского района
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Жамбылского сельского округа Лебяжинского района разработаны в соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", а также Постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей сел на территории Жамбылского сельского округа Лебяжинского района.

      2. Раздельный сход местного сообщества жителей сел (далее – раздельный сход) на территории Жамбылского сельского округа Лебяжинского района созывается и проводится с целью избрания представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов

      3. Раздельный сход созывается акимом Жамбылского сельского округа.

      Проведение раздельного схода допускается при наличии положительного решения акима Лебяжинского района на проведение схода местного сообщества.

      4. О времени, месте созыва раздельного схода и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иным способом.

      5. Проведение раздельного схода в пределах сел организуется акимом Жамбылского сельского округа.

      6. Перед открытием раздельного схода проводится регистрация присутствующих жителей соответствующих сел Жамбылского сельского округа Лебяжинского района, имеющих право в нем участвовать.

      7. Раздельный сход открывается акимом Жамбылского сельского округа Лебяжинского района или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода является аким Жамбылского сельского округа Лебяжинского района или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода открытым голосованием избирается секретарь.

      8. Кандидатуры представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода в соответствии с количественным составом, утвержденным маслихатом Лебяжинского района.

      Количество представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.

      9. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшие голоса участников раздельного схода.

      10. На раздельном сходе ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима Жамбылского сельского округа.