Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 6/40 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 қазанда № 4129 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2022 жылғы 14 қазандағы № 11/19 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 14.10.2022 № 11/19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 Қаулысына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Май ауданы Майтүбек ауылының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 3 % мөлшерде бекітілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың индустриалды-инновациялық даму және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы

А. Жетыбаева

Аудандық мәслихатының

хатшысы

Ғ. Арынов



Май аудандық мәслихатының
(V сайланған XL (кезекті)
сессиясы) 2014 жылғы
29 қыркүйектегі
№ 6/40 шешімімен
Бекітілген

Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 Қаулысына сәйкес әзірленді және Май ауданы Майтүбек ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Майтүбек ауылының әкімі шақырады.

      Май ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл шегінде бөлек жиынды өткізуді Майтүбек ауылының әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті Май ауданы Майтүбек ауылының қатысып отырған және оған қатысу құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Май ауданы Майтүбек ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Май ауданы Майтүбек ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Май ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Майтүбек ауылының әкімінің аппаратына береді.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Майтубек Майского района

Решение маслихата Майского района Павлодарской области от 29 сентября 2014 года № 6/40. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 20 октября 2014 года № 4129. Утратило силу решением Майского районного маслихата Павлодарской области от 14 октября 2022 года № 11/19

      Сноска. Утратило силу - решением Майского районного маслихата Павлодарской области от 14.10.2022 № 11/19 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества", Майский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории села Майтубек Майского района.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей села Майтубек Майского района для участия в сходе местного сообщества в количестве 3 (три) % от общего числа жителей села.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросу индустриально-инновационного развития и экологии.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии

А. Жетыбаева

Секретарь районного

маслихата

Г. Арынов



Утвержден
решением сессии
(XL (очередная) сессия V созыв)
Майского районного маслихата
от 29 сентября 2014 года № 6/40

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества
на территории села Майтубек Майского района
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории села Майтубек Майского района разработаны в соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", а также Постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей села на территории села Майтубек Майского района.

      2. Раздельный сход местного сообщества жителей села (далее – раздельный сход) на территории села Майтубек Майского района созывается и проводится с целью избрания представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов

      3. Раздельный сход созывается акимом села Майтубек.

      Проведение раздельного схода допускается при наличии положительного решения акима Майского района на проведение схода местного сообщества.

      4. О времени, месте созыва раздельного схода и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иным способом.

      5. Проведение раздельного схода в пределах села организуется акимом села Майтубек.

      6. Перед открытием раздельного схода проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села Майтубек Майского района, имеющих право в нем участвовать.

      7. Раздельный сход открывается акимом села Майтубек Майского района или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода является аким села Майтубек Майского района или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода открытым голосованием избирается секретарь.

      8. Кандидатуры представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода в соответствии с количественным составом, утвержденным маслихатом Майского района.

      Количество представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.

      9. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшие голоса участников раздельного схода.

      10. На раздельном сходе ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима села Майтубек.