Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 18.05.2015 № 147/5 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидаларының 50 тармағына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мүлік объектілерін (тұрғын емес қорын) мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі анықталсын.
2. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес қажетті іс–шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.М. Сейтказинге жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы |
М. Ахамбаев |
Май ауданы әкімдігінің |
Аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік
жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау
ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі
1. Осы есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50 тармағына сәйкес әзірленген және аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтайды.
2. Аудандық коммуналдық мүлік объектілерін (тұрғын емес қорын) мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысы мөлшерлемесінің есептеуі келесі формула бойынша есептеледі:
Ап = Бс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
мұнда:
Ап – жылына аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың баланстағы мемлекеттік тұрғын емес қордың нысандарын жалға алу ақысының мөлшерлемесі;
Бс – 1 шаршы метрге жылына теңге жалға алу базалық мөлшерлемесі;
тиісті жылға Май ауданының аумағында бір жылға Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген 2,0 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;
Кт – құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент;
Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
Кск – қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Квд – жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
Копф – жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
Аудандық коммуналдық мүліктің теңгерім ұстаушысы жалдаушымен алып отырған үй-жайлар өлшемдерінің үй-жайлардың өлшемдеріне сәйкес болуын қамтамасыз етеді.
3. Аудандық коммуналдық мүлік объектілері үшін жалға алу ақысының мөлшерлемесін есептеу кезінде қолданылатын коэффициенттер:
Р/с № |
Коэффициенттер түрі |
Коэффициент мөлшері |
1 |
Құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент (Кт): |
|
1.1 әкімшілік |
1,0 |
|
1.2 өдірістік |
0,8 |
|
1.3 қойма, гараж, қазандық |
0,6 |
|
1.4 спорттық ғимараттар (стадиондар, спорттық залдар) |
0,7 |
|
2 |
Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк): |
|
2.1 жеке тұратын құрылыс |
1,0 |
|
2.2 жапсарлас-жанаса салынған бөлігі |
0,9 |
|
2.3 астыңғы (жартылай жертөле) бөлігі |
0,7 |
|
2.4 жертөле бөлігі |
0,6 |
|
3 |
Қолайлық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск): |
|
3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін коммуникациялардың қандай да бір түрлері жоқ болса, әрбір түрге 0,1-ге азаяды |
1,0 |
|
4 |
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр): |
|
4.1 аудандық орталықтар үшін |
1,0 |
|
4.2 кент, ауыл |
0,5 |
|
5 |
Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд): |
|
5.1 халыққа қызмет көрсетуге арналған банктердің есеп айырысу-кассалық орталықтары, "Қазпошта" Акционерлік қоғамның есеп айырысу-кассалық орталықтары үшін, банкоматтар, мультикассалар, терминалдар |
2,5 |
|
5.2 брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін, сонымен қатар ұялы байланыс, радио байланыс қызметтерін көрсететін ұйымдар үшін |
3,0 |
|
5.3 сауда, қонақ үй қызметтерін ұйымдастыру үшін |
2,5 |
|
5.4 қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін |
1,5 |
|
5.5 мынадай салаларда қызметтерді ұйымдастыру үшін: |
1,1 |
|
5.6 денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында қызметтерді ұйымдастыру үшін |
1,0 |
|
5.7 оқу орындарында асханалар және буфеттерде тамақтануды ұйымдастыру үшін |
0,5 |
|
5.8 5.1-5.7 - тармақтарда көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрлері үшін |
1,9 |
|
6 |
Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф): |
|
6.1 сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін |
0,9 |
|
6.2 акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайыздары немесе акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі және табысының кемінде 90 пайызын бюджеттік бағдарламаларды орындаудан алатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін |
0,8 |
|
6.3 қайырымдылық және қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар үшін |
0,5 |
|
6.4 қалғандары үшін |
1,0 |
4. Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының есебі осы формула бойынша жүзеге асырылады:
Ап = С х Nam/100 х Кп,
мұнда:
Ап – жылына жабдыққа, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтың қалдық құны;
100 пайыз тозуы есепке алынған жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтірілген) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
Nam – Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары (Салық кодексі);
Кп – төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады - 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,5 мөлшерінде).