Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
2) елу жастан асқан адамдар;
3) ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық) жұмыс істемеген адамдар;
4) бұрын жұмыс істемеген (еңбек өтілі жоқ) адамдар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Әутәліпов |