Павлодар ауданы халқының нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау жөнінде 2014 жылға арналған қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы N 167/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 сәуірде N 3761 болып тіркелді

     Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімі аппарат басшысының 27.01.2015 N 33/5-22/49 хатымен).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) елу жастан асқан адамдар;
      3) ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық) жұмыс істемеген адамдар;
      4) бұрын жұмыс істемеген (еңбек өтілі жоқ) адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Әутәліпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады