Успен ауданы Новопокров ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 204/38 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 қазанда № 4104 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 316/63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 18.09.2020 № 316/63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3–бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 Қаулысына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Успен ауданы Новопокров ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Успен ауданы Новопокров ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % мөлшерде бекітілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Cессия төрағасы

Э. Руфф

Аудандық мәслихат хатшысы

Р. Бечелова


Успен аудандық мәслихатының
(V сайланған ХХХVІІІ
(кезектен тыс) сессиясы)
2014 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 204/38 шешімімен
Бекітілген

Успен ауданы Новопокров ауылдық округінің аумағында бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Успен ауданы Новопокров ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 Қаулысына сәйкес әзірленді және Успен ауданы Новопокров ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Успен ауданы Новопокров ауылдық округі аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Новопокров ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Успен ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауылдар шегінде бөлек жиынды өткізуді Новопокров ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудын алдында Успен ауданы Новопокров ауылдық округінің тиісті ауылдардың қатысып отырған және оған қатысу құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Успен ауданы Новопокров ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Успен ауданы Новопокров ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Успен аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Новопокров ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Новопокровского сельского округа Успенского района

Решение маслихата Успенского района Павлодарской области от 25 сентября 2014 года № 204/38. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 10 октября 2014 года № 4104. Утратило силу решением Успенского районного маслихата Павлодарской области от 18 сентября 2020 года № 316/63 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением Успенского районного маслихата Павлодарской области от 18.09.2020 № 316/63 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества", Успенский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Новопокровского сельского округа Успенского района.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей сел Новопокровского сельского округа Успенского района для участия в сходе местного сообщества в количестве 1 (один) % от общего числа жителей села.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по социальным вопросам.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

Председатель сессии

Э. Руфф

Секретарь районного маслихата

Р. Бечелова


Утвержден
решением сессии (ХХХVIII
(внеочередная) сессия V созыв)
Успенского районного
маслихата от 25 сентября
2014 года № 204/38

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на
территории Новопокровского сельского округа Успенского района
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Новопокровского сельского округа Успенского района разработаны в соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", а также Постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей сел на территории Новопокровского сельского округа Успенского района.

      2. Раздельный сход местного сообщества жителей сел (далее – раздельный сход) на территории Новопокровского сельского округа Успенского района созывается и проводится с целью избрания представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов

      3. Раздельный сход созывается акимом Новопокровского сельского округа.

      Проведение раздельного схода допускается при наличии положительного решения акима Успенского района на проведение схода местного сообщества.

      4. О времени, месте созыва раздельного схода и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иным способом.

      5. Проведение раздельного схода в пределах сел организуется акимом Новопокровского сельского округа.

      6. Перед открытием раздельного схода проводится регистрация присутствующих жителей соответствующих сел Новопокровского сельского округа Успенского района, имеющих право в нем участвовать.

      7. Раздельный сход открывается акимом Новопокровского сельского округа Успенского района или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода является аким Новопокровского сельского округа Успенского района или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода открытым голосованием избирается секретарь.

      8. Кандидатуры представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода в соответствии с количественным составом, утвержденным Успенским районным маслихатом.

      Количество представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.

      9. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшие голоса участников раздельного схода.

      10. На раздельном сходе ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима Новопокровского сельского округа.