Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 28.04.2014 N 130/44 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 2–3–тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларының 10–тармағына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің келесі мөлшерлері белгіленсін:
9 мамыр – Жеңіс Күніне орай:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне (бұдан әрі – ҰОС) – 69 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (бұдан әрі – АЕК), сондай–ақ азық–түлік жиынтығына 5000 (бес мың) теңге сомасында;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдарға, атап айтқанда:
қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған азаматтарға – 1,8 АЕК көлемінде;
концлагерлердiң бұрынғы кәмелет жасқа толмаған тұтқындарына – 1,8 АЕК көлемінде;
ҰОС кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Кеңес Армиясының, Әскери–Теңiз Флотының, бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСРО) iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелетін қалаларда болған адамдарға – 1,8 АЕК көлемінде;
Ауғанстандағы соғыс оқиғаларына қатысқан Кеңес Армиясының әскери қызметкерлеріне – 14 АЕК көлемінде;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы (бұдан әрі – ЧАЭС) апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға – 3,5 АЕК көлемінде;
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС қатысушыларына теңестiрiлген басқа да санаттардағы тұлғаларға, атап айтқанда:
қайтыс болған ҰОС мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне), сондай–ақ қайтыс болған ҰОС қатысушыларының, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың басқа некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерiне) – 1,8 АЕК көлемінде;
1988 – 1989 жылдардағы ЧАЭС апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға – 3,5 АЕК көлемінде;
ҰОС жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға – 1,8 АЕК көлемінде;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) ҰОС жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 1,8 АЕК көлемінде;
1 Қазан – Халықаралық қарттар күніне орай:
ең төмен зейнетақы және жәрдемақы алатын, зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, атап айтқанда:
жалғызбасты және жалғыз тұратын, зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға – 1,2 АЕК көлемінде;
80 және одан үлкен жастағы, зейнеткерлерге – 2,9 АЕК көлемінде;
қазанның 2 жексенбісі – Халықаралық мүгедектер күніне орай:
мүгедектер, атап айтқанда:
18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 2,3 АЕК көлемінде;
1, 2 топтардағы мүгедектерге – 2,3 АЕК көлемінде;
кәмелет жасқа толмаған балалары бар мүгедектерге – 2,3 АЕК көлемінде.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Г. Бердығожина
Аудандық мәслихат хатшысы Т. Әбдірахманов
"КЕЛІСІЛДІ"
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Ғ. Сәдібеков
2014 жылғы 07 сәуір