Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігін белгілеу туралы

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХV сессиясының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 210 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 мамырда N 1038 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 224 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 17.04.2018 № 224 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Бюджет кодексінің, сондай-ақ "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ, "Мүгедектерді әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу" сұрақтары нормативті түрде "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 заңдарының нормативтік ережелеріне, сондай-ақ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігі белгіленсін.

      2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты:

      1) осы шешімді Алматы қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      2) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Н. Мүліковаға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге (келісім бойынша) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      V сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының кезектен тыс
      XXV сессиясының төрағасы С. Козлов
      V сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев

      Келісілді:

      Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильин

      Алматы қалалық Жұмыспен қамту және

      әлеуметтік бағдарламалар

      басқармасының басшысы Е. Әлиқұлов

      Алматы қаласы әкімі аппараты

      заң бөлімінің басшысы А. Қасымова

  Алматы қаласы
мәслихатының 2014 жылғы
15 сәуірдегі № 210 шешіміне
қосымша

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке
күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету
еселігі мен мөлшері

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді – Aлматы қаласы мәслихатының 15.11.2016 № 53; 30.11.2017 № 177 шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ р/с

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің атауы

Әлеуметтік көмектің еселігі

Алушылардың жекелеген санаттары

Әлеуметтік көмектің мөлшері (теңге)

1.

Ұлы Отан Соғысының Жеңіс күні

Бір жолғы

Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектері

150,0 мың




Мәртебеcі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 25 сәуірдегі № 2247 Заңының 6, 8-баптарымен белгіленген, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар

30,0 мың




Ұлы Отан Соғысында қайтыс болған (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің қайталап некеге тіркелмеген жесірлері

30,0 мың




Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналары және қайталап некеге тіркелмеген әйелдері (күйеулері)

30,0 мың






2.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Бір жолғы

Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар

50,0
мың


Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи, а также кратности оказания социальной помощи

Решение внеочередной ХХV сессии маслихата города Алматы V-го созыва от 15 апреля 2014 года N 210. Зарегистрировано в Департаменте юстиции города Алматы 5 мая 2014 года за N 1038. Утратило силу решением маслихата города Алматы от 17 апреля 2018 года № 224

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Алматы от 17.04.2018 № 224 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с нормативными положениями Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года № 95-ІV, а также Законов Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года № 2247 "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 13 апреля 2005 года № 39 "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", а также постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" маслихат города Алматы V-го созыва РЕШИЛ:

      1. Установить прилагаемый перечень памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи, а также кратности социальной помощи отдельным категориям граждан.

      2. Аппарату маслихата города Алматы:

      1) обеспечить размещение настоящего решения на интернет-ресурсе маслихата города Алматы;

      2) произвести государственную регистрацию нормативного правового акта в Департаменте юстиции города Алматы.

      3. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на члена постоянной комиссии по социальным вопросам и общественному согласию маслихата города Алматы Н. Мулюковой и заместителя акима города Алматы Ю. Ильина (по согласованию).

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной
XXV-й сессии маслихата
города Алматы V-го созыва
С. Козлов
      Секретарь маслихата
города Алматы V-го созыва
Т. Мукашев

      Согласовано:

      Заместитель акима города Алматы Ю. Ильин

      Руководитель Управления занятости

      и социальных программ города Алматы Е. Аликулов

      Руководитель юридического отдела

      аппарата акима города Алматы А. Касымова

  Приложение
к решению маслихата
города Алматы
от 15 апреля 2014 года № 210

Перечень памятных дат и праздничных дней для
оказания социальной помощи, а также кратности
и размера социальной помощи

      Сноска. Приложение с изменениями, внесенными решениями маслихата города Алматы от 15.11.2016 года № 53; от 30.11.2017 № 177 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

№ п/п

Наименование
памятных дат и
праздничных дней
для оказания
социальной
помощи

Кратность
социальной
помощи

Отдельные категории
получателей

Размеры
соци-
альной
помощи
(тенге)

1.

День Победы в Великой Отечественной войне

Единовре-
менно

Участники и инвалиды Великой Отечественной войны

150,0 тысяч




Лица, приравненные по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, статус которых определен статьями 6, 8 Закона Республики Казахстан за № 2247 "О льготах и социальной защиты участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц приравненных к ним" от 28 апреля 1995 года

30,0 тысяч




Вдовы воинов, погибших (умерших, пропавших без вести) в Великой Отечественной войне, не вступившие в повторный брак

30,0 тысяч




Родители и не вступившие в повторный брак супруг (супруга) военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане

30,0 тысяч

2.

День Независимости Республики Казахстан

Едино
временно

Лицам, принимавшим участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, реабилитированным в порядке, установленном Законом Республики Казахстан от 14 апреля 1993 года "О реабилитации жертв массовых политических репрессий"

50,0
тысяч