ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХІV сессиясының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 450 "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХXІ сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 257 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 қазанда N 1088 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХІV сессиясының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 450 «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 900 болып тіркелген, 2011 жылғы 11 тамызда «Алматы ақшамы» және 2011 жылғы 18 тамызда «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы Ережесінде:
      «Атақ беру тәртібі» деген 2-тарауда:
      24-тармақ алынып тасталсын;
      «Атақтан айыру негіздемелері» деген 3-тарау алынып тасталсын.
      2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының заң, құқық тәртібі, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А..Моргуновқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға (келісім бойынша) жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген кезден бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      V сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      ХХХI сессиясының төрайымы
      V сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы

Х. Есенова
 
Т. Мұқашев

      Енгізуші:
      Алматы қаласы әкімі
      аппаратының басшысы                        Е. Әлиқұлов
      Келісілді:
      Алматы қаласы әкімінің
      орынбасары                                 З. Аманжолова
      Алматы қаласы әкімі аппараты
      заң бөлімінің басшысы                      А. Қасымова
 

О внесении изменений в решение XXXXIV-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 29 июня 2011 года № 450 "Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин города Алматы"

Решение XXXI-й сессии маслихата города Алматы V-го созыва от 10 сентября 2014 года N 257. Зарегистрировано в Департаменте юстиции города Алматы 10 октября 2014 года за N 1088

      В соответствии с подпунктом 12-2) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», маслихат города Алматы V-го созыва РЕШИЛ:
      1. Внести в решение XXXXIV-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 29 июня 2011 года № 450 «Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин города Алматы» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 900, опубликовано в газетах «Алматы ақшамы» от 11 августа 2011 года и «Вечерний Алматы» от 18 августа 2011 года) следующие изменения:
      в Правилах присвоения звания «Почетный гражданин города Алматы», утвержденных указанным решением:
      в главе 2. «Порядок присвоения Звания»:
      пункт 24 исключить;
      главу 3. «Основания лишения Звания» исключить.
      2. Аппарату маслихата города Алматы обеспечить размещение настоящего решения на интернет-ресурсе.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на председателя постоянной комиссии по вопросам законности, правопорядка, местного государственного управления и самоуправления маслихата города Алматы А. Моргунова и заместителя акима города Алматы З. Аманжолову (по согласованию).
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 

      Председатель
      ХХХI-й сессии маслихата
      города Алматы V-го созыва
      Секретарь
      маслихата города Алматы
      V-го созыва

Х. Есенова
 
 
Т. Мукашев

      Вносит:
      Руководитель аппарата
      акима города Алматы                           Б. Карымсаков
      Согласовано:
      Заместитель акима
      города Алматы                                 З. Аманжолова
      Руководитель юридического
      отдела аппарата акима
      города Алматы                                 А. Касымова