Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХІV сессиясының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 450 «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 900 болып тіркелген, 2011 жылғы 11 тамызда «Алматы ақшамы» және 2011 жылғы 18 тамызда «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы Ережесінде:
«Атақ беру тәртібі» деген 2-тарауда:
24-тармақ алынып тасталсын;
«Атақтан айыру негіздемелері» деген 3-тарау алынып тасталсын.
2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының заң, құқық тәртібі, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А..Моргуновқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға (келісім бойынша) жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген кезден бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
V сайланған |
Х. Есенова |
Енгізуші:
Алматы қаласы әкімі
аппаратының басшысы Е. Әлиқұлов
Келісілді:
Алматы қаласы әкімінің
орынбасары З. Аманжолова
Алматы қаласы әкімі аппараты
заң бөлімінің басшысы А. Қасымова