"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қоса берілген регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Е.Сұлтанов |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 204 қаулысымен бекітілді |
"Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелері
1. "Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілітін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілітін қызмет) "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 10-бабы және "Автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 64 қаулысымен бекітілген "Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілітін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) сәулет және қала құрылысы, автомобиль жолдары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, Солтүстік Қазақстан облысының тиісті жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілітін қызметті беруші) көрсетеді. 2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі:
автомобиль жолдары саласындағы жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде;
автомобиль жолдары саласындағы жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде;
сәулет және қала құрылысы жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес елді мекендерде;
2) осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік көрсетілітін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
3) "электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz веб-порталы немесе "Е-лицензиялау" www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз тасығышта немесе электрондық құжат нысаны түрінде елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат немесе облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға паспорт беру болып табылады.
5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар:
1) ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе;
2) Қазақстан Республикасы халыққа қызмет көрсету орталығының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚКО ЫАЖ) - Қазақстан Республикасы халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ тиісті министрліктер және ведомстволар арқылы халыққа (жеке және заң тұлғаларға) қызмет көрсету үдерісін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
3) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) - қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдардың, мекемелердің немесе өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі;
4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз, көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша өкілінің) өтінішін және құжаттарын Стандартың 9-тармағында мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің алуы немесе көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу болып табылады (сұрау салу) (құжаттар топтамасын).7. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі рәсімдер (әрекеттер):
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің құжаттар топтамасын қабылдауы және өтінішті не сұратуды тіркеуі (түскен сәттен 15 (он бес) минут ішінде);
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысы бұрыштама қояды және көрсетілетін қызмет беруші бөлім қызметкеріне жолдайды (4 (төрт) сағат ішінде);
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қарастырады, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын дайындайды (4 (төрт) жұмыс күн ішінде, ХҚКО арқылы – 4 (төрт) жұмыс күн ішінде, портал арқылы түскендерді – 4 (төрт) жұмыс күн ішінде).
4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасына қол коюы (4 (төрт) сағат ішінде).
5) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің дайын нәтижесін беруі (15 (он бес) минут ішінде).
8. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі мынадай рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен құжаттар топтамасың қабылдау және көрсетілетін қызметті алушының өтінішін не сұратуды тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын ресімдеу және көрсетілетін қызметті беруші басшысына қол қою үшін беру;
4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасына қол қою;
5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі, ХҚКО ақпараттық жүйесі, немесе портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілітін қызметті берушінің қызметкерлері жұмылдырылған:1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім қызметкері.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды және өтінішті немесе сұратуды тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына енгізеді (түскен сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде);
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері тұпнұсқалардың дұрыстығын құжаттар көшірмелерімен салыстырады, содан кейін тұпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды растаумен тапсырған кезде қағаз тасығышта өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттардың топтамасын қабылдаған күн мен уақытын көрсете отырып, оның көшірмесіне қойылған белгі болып табылады.
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін не сұратуды қарайды, бұрыштама койып, оларды көрсетілетін қызметті беруші бөлім қызметкеріне жолдайды (4 (төрт) сағат ішінде);
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қарастырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын әзірлейді (көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде) (4 (төрт) жұмыс күн ішінде, ХҚКО арқылы – 4 (төрт) жұмыс күн ішінде, портал арқылы түскендерді – 4 (төрт) жұмыс күн ішінде).
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасына қол қойып ХҚКО ЫАЖ–ға немесе порталға көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түріндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жолдайды немесе кеңсе қызметкеріне қағаз тасығышта мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жолдайды (4 (төрт) сағат ішінде).
5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді (өтініш түскен күнде (15 (он бес) минут ішінде).
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылып көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен және мөрмен куәландырылады.
11. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттының мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші портал немесе уәкілетті тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәлардырылған электрондық құжат нысандағы мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеу ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
12. Рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігін сипаттау осы "Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі
жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде
сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 5-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында келтірілген.
4. ХҚКО өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
13. ХҚКО-ға жүгінген кезде, мемлекеттік қызметті көрсету бойынша әрекетті бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушыдан (не сенімхат бойынша оның өкілінен) ХҚКО қызметкерінің құжаттар топтамасын қабылдауы болып табылады.14. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімдері (әрекеттері) және оларды орындау ұзақтығы:
1) ХҚКО қызметкері көрсетілетін қызметті алушының берген өтінішін не сұратуды дұрыс толтыруын және құжаттар топтамасының толық екенін тексереді (5 (бес минут) ішінде).
Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚКО қызметкері тұпнұсқалардың дұрыстығын құжаттар көшірмелерімен салыстырады, содан кейін тұпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға ХҚКО қызметкері Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
2) ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады. (5 (бес) минут ішінде).
3) ХҚКО қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын идентификациялау, көрсетілетін қызметті алушы және тапсырылған құжаттар тізімі туралы тиісті ақпарат ХҚКО ЫАЖ-ға енгізеді, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді (5 (бес) минут ішінде).
4) ХҚКО қызметкері құжаттар топтамасын әзірлеп, көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік пошта арқылы немесе осыған уәкілетті өзгеше байланыс арқылы жолдайды (1 (бір) жұмыс күн ішінде).
5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды және өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына енгізеді (түскен сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде);
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, бұрыштама койып, оларды көрсетілетін қызметті беруші бөлім қызметкеріне жолдайды (4 (төрт) сағат ішінде);
7) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қарастырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын әзірлейді (4 (төрт) жұмыс күн ішінде).
8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасына қол қойып ХҚКО ЫАЖ–ға көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түріндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жолдайды немесе кеңсе қызметкеріне қағаз тасығышта мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жолдайды (4 (төрт) сағат ішінде).
9) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері ХҚКО қызметкеріне мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді (өтініш түскен күнде (15 (он бес) минут ішінде).
10) ХҚКО қызметкері тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызмет алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді (15 (он бес) минут ішінде).
15. ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
16. ХҚКО-нің өтініштерді құжаттармен қабылдауы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруі жедел қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
17. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді ХҚКО қызметкері қолхат негізінде және онда көрсетілген мерзімде "кедергісіз қызмет көрсету" арқылы, жеке өзі келген кезде, қолын қойғызып және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсыну арқылы жүзеге асырады.
18. Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ХҚКО арқылы ақпараттық жүйелердің қызметтік өзара функционалдық әрекет ету сипаты "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру" осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 5-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында келтірілген.
19. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезде көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті беруші әрекеттерінің тәртібі:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ арқылы порталда тіркеуді (авторландыру) жүзеге арысыды (2 (екі) минут ішінде);
2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуді таңдауы, электрондық сұрату жолдарын толтыру және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды бекітуі (5 (бес) минут);
3) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұратуды куәландыруы;
4) көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұратуын өңдеу (тексеріс, тіркелім) (2 (екі) минут ішінде);
5) көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрату мәртебесі және мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсетудің тарихынан алуы (1 (бір) минут ішінде);
6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды және сұратуды тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына енгізеді (түскен сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде);
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының сұратуды қарайды, бұрыштама койып көрсетілетін қызметті беруші бөлім қызметкеріне жолдайды (4 (төрт) сағат ішінде);
8) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қарастырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын әзірлейді (4 (төрт) жұмыс күн ішінде).
9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасына қол қойып порталға көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түріндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жолдайды (4 (төрт) сағат ішінде).
10) көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ койылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" өңдеу және жолдау (1 (бір) минут ішінде);
11) көрсетілетін қызметті алушымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсетудің тарихында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" алу (1 (бір) минут ішінде);
20. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің қызметтік өзара әрекет ету "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру" осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 5-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында келтірілген.
Облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру бойынша автомобиль жолдары саласындағы жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі
Аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру бойынша автомобиль жолдары саласындағы жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі
Елді мекендердегі сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға паспорт беру бойынша сәулет және қала құрылысы саласындағы жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі
Мемлекеттік қызмет қөрсету бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарының тізбесі
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
"Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру" Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
Шартты белгілер:
| - мемлекеттік қызметті көрсетудің басталуы немесе аяқталуы |
| - көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ҚБФ рәсімінің (іс-қимылының) атауы |
| - таңдау нұсқасы |
| - келесі іс-қимылға (әрекетке) ауысу |