Автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 64 қаулысы. Күші жойылды – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 529 бұйрығын қараңыз.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) "Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілген қызмет стандарты;

      2) "Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) "Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      4) "Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы жолдарға кiрме жолдарды және оларға жалғасатын жолдарды салуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 31, 269-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдалану қағидаларында:

      10-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-1. Концессияға немесе Ұлттық оператордың сенімгерлік басқаруына берілген автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін қоса алғанда, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының мұқтажы үшін жерлер жол органына тұрақты жер пайдалануға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын қызметтерді жеткізушіге уақытша жер пайдалануға бөлінеді.";

      12-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жол органымен:

      автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына;

      ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуіне;

      ескерткіштер қоюға, қоршау орнатуға, сәнді екпелерді отырғызуға;

      көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүруіне кедергі келтіретін автомобиль жолдарындағы кез келген жұмыстарды жүргізуге;

      автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және жол бойындағы белдеуінде сыртқы жарық түсіру тіреулерін орнатуға;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператормен:

      халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнатуға;

      оларға кіру үшін кірме жолдар қажет болған кезде жол сервисі объектілерін жол бойындағы белдеулерге немесе объектілерді олардың шегінен тыс жерлерде орналастыруға;

      республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы жолдарға кiрме жолдарды және оларға жалғасатын жолдарды салуға.";

      12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-1. Жол органы, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор келісуді өтініш берілген сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілетін автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орнатуға келісуді қоспағанда, жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді (техникалық шарттар мен паспорттар беруді жүзеге асырады).

      Әкімшілік полицияның бөлімшелері келісуді жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.";

      15 және 16-тармақтар алынып тасталсын:

      19-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператормен келісілгеннен кейін жолдардың барлық санаттары үшін қонақүйлер, мотельдер, кемпингтер, техникалық қызмет көрсету станциялары, тамақтану және сауда пункттері жер төсемінің жиегінен 50 м-ден жақын емес қашықтықта жобаланады және орналастырылады.

      Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператормен келісілгеннен кейін таяу жердегі автожанармай құю станциялары барлық санаттары үшін жер төсемінің жиегінен 25 м-ден жақын емес қашықтықта жобаланады және орналастырылады.";

      23-3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-3. Республикалық маңызы бар жалпы ортақ пайдаланымдағы жолдарға кiрме жолдарды және оларға жалғасатын жолдарды салуға Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың келісімін алу үшін автомобиль жолдарын пайдаланушылар мынадай құжаттарды ұсынады:";

      осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бөлінген белдеуінің жол органдары, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе концессионер пайдаланбайтын жер учаскелерін:

      1) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде – жол органы;

      2) облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде – облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы жолдардың көліктік-пайдалану сапасының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдары жүрісінің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтауы шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға шарт бойынша қысқа мерзімді уақытша жер пайдалануға беруі мүмкін.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат алу үшін Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға немесе облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары иелігіне қарайтын жергілікті атқарушы органдарға осы Қағидаларға қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш береді. Өтінішке түстік шешімі мен мөлшері бар объектінің эскизі, сондай-ақ объектілер иелерінің өкілі жүгінген кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжат қоса беріледі.

      Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе жергілікті атқарушы органдар өтінішке сәйкес объектілердің орналасу орнын айқындайды (немесе басқа орын ұсынады), сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің өлшемдері мен көркемдік орындалуының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Паспортты халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жергілікті атқарушы орган бес жұмыс күні ішінде береді.

      15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      Құжаттамаларды тиісінше ресімдемей және оны Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторында немесе жергілікті атқарушы органдарда келіспей, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін өз бетінше орналастыруға тыйым салынады.

      осы Қағидаларға қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Мыналардың:

      1) "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі және жергілікті атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы" 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1315 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2012 ж., № 74, 1089-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 маусымдағы № 591 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 37, 543-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

С. Ахметов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 7 ақпандағы
№ 64 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
аумағында автомобиль жолдарын
пайдалану қағидаларына
1-қосымша

      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация

      министрлігінің "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ___________ облыстық филиалы

      _______________________________________________________________

      (басшының Т.А.Ә.)

      (жеке тұлғаның Т.А.Ә. не

      заңды тұлғаның толық атауы)

      (жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын

      куәландыратын құжаттардың деректемелері,

      байланыс телефоны, мекенжайы)

ӨТІНІШ

      Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының

      арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай

      құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен,

      басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына

      техникалық шарт беруіңізді сұраймын.

      Мен жолдар мен жол құрылыстарын қалпына келтіру бойынша

      жұмыстардың қаржыландырылуын қамтамасыз етуге міндеттенемін.

      Егер жұмыстар елді мекендердің шекараларында көзделген

      жағдайда:

      ______________________ берілген жергілікті атқарушы органдардың

      (күні) (рұқсат берген

      органның атауы)

      № _______ рұқсат-құжаты.

      Күні _______ Алушы __________________________________________________

       (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе

      __________________________________________________

      заңды тұлғаның не уәкілетті адамның

      атауы, қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 7 ақпандағы
№ 64 қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
аумағында автомобиль жолдарын
пайдалану қағидаларына
2-қосымша

      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация

      министрлігінің "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ___________ облыстық филиалы

      _______________________________________________________________

      (басшының Т.А.Ә.)

      _______________________________________________________________

      (жеке тұлғаның Т.А.Ә. не

      _______________________________________________________________

      заңды тұлғаның толық атауы)

      _______________________________________________________________

      (жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын

      _______________________________________________________________

      куәландыратын құжаттардың деректемелері,

      _______________________________________________________________

      байланыс телефоны, мекенжайы)

ӨТІНІШ

      Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан

      шығатын жерлер мен жүктерді тиеуге және түсіруге арналған алаңдар салуға техникалық шартты беруіңізді сұраймын.

      Автомобиль жолының титулы (атауы) ____________________________,

      Жұмыс өндірісінің түрі _______________________________________,

      Мекенжайы ____________________________________________________.

      Күні _______ Алушы __________________________________________________

       (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе

      __________________________________________________

      заңды тұлғаның не уәкілетті адамның

      __________________________________________________

      атауы, қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 7 ақпандағы
№ 64 қаулысына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасының
аумағында автомобиль жолдарын
пайдалану қағидаларына
3-қосымша

      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация

      министрлігінің "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ___________ облыстық филиалы

      _______________________________________________________________

      (басшының Т.А.Ә.)

      _______________________________________________________________

      (жеке тұлғаның Т.А.Ә. не

      _______________________________________________________________

      заңды тұлғаның толық атауы)

      _______________________________________________________________

      (жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын

      _______________________________________________________________

      куәландыратын құжаттардың деректемелері,

      _______________________________________________________________

      байланыс телефоны, мекенжайы)

ӨТІНІШ

      Халықаралық және республикалық/облыстық және аудандық маңызы

      бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде

      сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға паспорт беруіңізді

      сұраймын.

      Күні _______ Алушы __________________________________________________

       (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе

      __________________________________________________

      заңды тұлғаның не уәкілетті адамның

      __________________________________________________

      атауы, қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 7 ақпандағы
№ 64 қаулысымен
бекітілген

"Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы
автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі)
жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының облыстық филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

      "электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) немесе "Е-лицензиялау" www.elicense.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге не ХҚО-ға құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға паспорт (бұдан әрі - паспорт).

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс кестесіне сәйкес 12.30-дан бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады;

      2) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау және нәтижелерді беру жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" тәртіппен жүзеге асырылады, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық кезекті брондауға болады.

      3) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге не ХҚО-қа жүгінгенде:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтініш;

      2) түстік шешімі және өлшемдері бар объекті эскизінің көшірмесі немесе оның түпнұсқасы;

      3) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат – көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін).

      порталға жүгінгенде:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі электрондық сұрау салуға тіркелетін түстік шешімі және өлшемдері бар объектінің эскизі;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін портал арқылы немесе уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландыратын электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші және ХҚО қызметкері мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚО қызметкері түпнұсқаларды көшірмелерімен немесе электрондық түрдегі көшірмелерімен салыстырады, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіде – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттардың топтамасын қабылдаған күн мен уақытын көрсете отырып, оның көшірмесіне қойылған белгі;

      ХҚО-да – мыналар:

      1) сұрау салуды қабылдау нөмірі мен күні;

      2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;

      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

      4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

      5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының не ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

      6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетілген, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат қағаз жеткізгіштегі өтініштің тасығышта қабылданғанын растау болып табылады.

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және мемлекеттік қызметті беруші басшысының мөрімен және қол қоюымен куәландырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді ХҚО қызметкері қолхат негізінде және онда көрсетілген мерзімде "кедергісіз қызмет көрсету" арқылы, жеке өзі келген кезде, қолын қойғызып және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсыну арқылы жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке "кабинетіне" жолданады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының, ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің
мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне,
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, қабылдау бөлмесінің телефоны 8 (7172) 24-33-83.

      Шағым жазбаша нысанда жұмыс күндері почта не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыларды айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

      ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына беріледі.

      ХҚО кеңсесіне қолма-қол, сондай-ақ почта арқылы келіп түскен шағымды тіркеу оның қабылданғанын растау (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа жазылады) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін ХҚО басшысына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Шағымда:

      жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы;

      заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушынің қол қоюға тиіс.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда қызмет
көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де
талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлар көрсетілетін қызметті берушінің www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында ("Автомобиль жолдары комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде) орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 27-88-00. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

  "Халықаралық және республикалық
маңызы бар жалпы пайдаланымдағы
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі)
жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация

      министрлігінің "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ___________ облыстық филиалы

      _______________________________________________________________

      (басшының Т.А.Ә.)

      _______________________________________________________________

      (жеке тұлғаның Т.А.Ә. не

      _______________________________________________________________

      заңды тұлғаның толық атауы)

      _______________________________________________________________

      (жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын

      _______________________________________________________________

      куәландыратын құжаттардың деректемелері,

      _______________________________________________________________

      байланыс телефоны, мекенжайы)

ӨТІНІШ

      Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы

      автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама

      объектісін орналастыруға паспорт беруіңізді сұраймын.

      Күні _______ Алушы __________________________________________________

       (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе

      __________________________________________________

      заңды тұлғаның не уәкілетті тұлғаның

      __________________________________________________

      атауы, қолы)

  "Халықаралық және республикалық
маңызы бар жалпы пайдаланымдағы
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі)
жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. немесе ұйымының атауы)

      _____________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15

      сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын

      басшылыққа ала отырып, "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК

      филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік

      көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар

      топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, мемлекеттік қызметті

      көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды

      қабылдаудан бас тартады:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ___________________________________________________________;

      2) ___________________________________________________________;

      3) ….

      Осы қолхат әр тарапқа бір бірден 2 данада жасалды.

       Т.А.Ә. (орталық қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. ___________________________________________________

      Телефон _____________________________________________________________

      Қабылдады: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы "___" ______________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 7 ақпандағы
№ 64 қаулысымен
бекітілген

"Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі
жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде
сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сәулет және қала құрылысы автомобиль жолдары саласында қызметті жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрылымдық бөлімшелерге (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

      "электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) немесе "Е-лицензиялау" www.elicense.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге не ХҚО-ға құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) немесе облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға паспорт (бұдан әрі – паспорт).

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс кестесіне сәйкес 13.00-дан бастап 14.00-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады;

      2) ХҚО - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау және нәтижелерді беру жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" тәртіппен жүзеге асырылады, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық кезекті брондауға болады.

      3) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-ға:

      Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру үшін:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтініш;

      2) түстік шешімі және өлшемдері бар объектінің эскизі;

      3) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

      Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру үшін:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш;

      2) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру ұсынылатын жер учаскесіне немесе объектіге құқық белгілейтін құжаттың не өтініш берушінің сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруы ұсынылатын объектісінің меншік иесімен (меншік иелерімен), кондоминиум объектілерін басқару органдарымен немесе өзге де заттық құқықтарға ие адамдармен жасасқан сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;

      3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру ұсынылатын объектінің күндізгі және түңгі бейнеленуін қамтитын эскиз, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің жұмыс етуін инженерлік қамтамасыз ету бойынша шешімдер;

      4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

      порталға:

      облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) түстік шешімі және өлшемдері бар объектінің эскизі – электрондық түрдегі құжат.

      Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру ұсынылатын жер учаскесіне немесе объектісіне құқық белгілейтін құжаттың не өтініш берушінің сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруы ұсынылатын объектісінің меншік иесімен (меншік иелерімен), кондоминиум объектілерін басқару органдарымен немесе өзге де заттық құқықтарға ие адамдармен жасасқан сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;

      3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру ұсынылатын объектінің күндізгі және түңгі бейнеленуін қамтитын эскиз, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің жұмыс етуін инженерлік қамтамасыз ету бойынша шешімдер – электрондық түрдегі құжат;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін портал арқылы немесе уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландыратын электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші және ХҚО қызметкері мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚО қызметкері түпнұсқаларды көшірмелерімен немесе электрондық түрдегі көшірмелерімен салыстырады, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіде – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттардың топтамасын қабылдаған күн мен уақытын көрсете отырып, оның көшірмесіне қойылған белгі;

      ХҚО-да – мыналар:

      1) сұрау салуды қабылдау нөмірі мен күні;

      2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;

      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

      4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

      5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының не ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

      6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетілген, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және мемлекеттік қызметті беруші басшысының мөрімен және қол қоюымен куәландырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді ХҚО қызметкері қолхат негізінде және онда көрсетілген мерзімде "кедергісіз қызмет көрсету" арқылы, жеке өзі келген кезде, қолын қойғызып және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсыну арқылы жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке "кабинетіне" жолданады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының, ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің
мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – әкімдік) басшысының атына беріледі.

      Шағым жұмыс күндері почта не көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесі арқылы қолма-қол жазбаша нысанда қабылданады.

      Шағымды қабылдауды растау мемлекеттік қызметті көрсетушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылданған тұлғаның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыларды айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің басшысына жіберіледі.

      ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына түседі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуші, ХҚО басшысының атына беріледі.

      ХҚО кеңсесіне қолма-қол, сондай-ақ почта арқылы келіп түскен шағымды қабылдауды растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта ұсынылады) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шараларды қабылдау үшін ХҚО басшысына жолданады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетушінің, ХҚО атына келіп түскен мемлекеттік қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау қарау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Шағымда:

      жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ мүмкіндігіне қарай әкесінің аты, почта мекенжайы;

      заңды тұлғаның - оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке мемлекеттік қызметті алушы қол қояды.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда қызмет
көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де
талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы "электрондық үкімет" веб-порталында: www.mtc.gov.kz ("Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімшесінде) орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қатынау қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 27-88-00. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

  "Облыстық және аудандық маңызы бар,
сондай-ақ елді мекендердегі жалпы
пайдаланымдағы автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі)
жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

      _____________________________________________________

      (жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі)

      _____________________________________________________

      (басшының Т.А.Ә.)

      _____________________________________________________

      (жеке тұлғаның Т.А.Ә. не

      _____________________________________________________

      заңды тұлғаның толық атауы)

      _____________________________________________________

      (жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын

      _____________________________________________________

      куәландыратын құжаттардың деректемелері,

      _____________________________________________________

      байланыс телефоны, мекенжайы)

ӨТІНІШ

      Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы

      автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама

      объектісін орналастыруға паспорт беруіңізді сұраймын.

      Күні _______ Алушы __________________________________________________

       (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе

      __________________________________________________

      заңды тұлғаның не уәкілетті тұлғаның

      __________________________________________________

      атауы, қолы)

  "Облыстық және аудандық маңызы бар,
сондай-ақ елді мекендердегі жалпы
пайдаланымдағы автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі)
жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша

      _____________________________________________________

      (жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі)

      _____________________________________________________

      (басшының Т.А.Ә.)

      _____________________________________________________

      (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе

      _____________________________________________________

      заңды тұлғаның толық атауы)

      _____________________________________________________

      (жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын

      _____________________________________________________

      куәландыратын құжаттардың деректемелері,

      _____________________________________________________

      байланыс телефоны, мекенжайы)

ӨТІНІШ

      Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін

      орналастыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің түрі ___________________;

      Жарнама объектісінің ұзындығы ________________________________;

      Жарнама объектісінің ені _____________________________________;

      Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің болжамды орналасу

      мекенжайы __________________________________________________________;

      Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру орнын таңдауға

      негіздеме ___________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Меншік құқығындағы немесе бір жылдан астам жалға берілген жер

      учаскесі немесе объекті үшін:

      Кадастрлық нөмірі _____________________________________________

      Бір жылдан аз уақыт жалға берілген жер учаскесі немесе объекті

      үшін:

      Жалға беру шартының нөмірі ____________________________________

      Күні _______ Алушы __________________________________________________

       (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе

      __________________________________________________

      заңды тұлғаның не уәкілетті тұлғаның

      __________________________________________________

      атауы, қолы)

  "Облыстық және аудандық маңызы бар,
сондай-ақ елді мекендердегі жалпы
пайдаланымдағы автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі)
объектісін орналастыруға рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.

      не ұйымның атауы)

      __________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15

      сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын

      басшылыққа ала отырып, "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК

      филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіз мемлекеттік

      көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың

      жиынтығын толық ұсынбауыңызға байланысты, мемлекеттік қызметті

      көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды

      қабылдаудан бас тартады:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ___________________________________________________________;

      2) ___________________________________________________________;

      3) ….

      Осы қолхат әр тарапқа бір бірден 2 данада жасалды.

      Т.А.Ә. (орталық қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. ___________________________________________________

      Телефон _____________________________________________________________

      Қабылдады: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы "___" ________________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 7 ақпандағы
№ 64 қаулысымен
бекітілген

"Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль
жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен,
мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және
теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және
коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру" мемлекетті көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Автомобиль жолдары комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

      "электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) немесе "Е-лицензиялау" www.elicense.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге не ХҚО-ға құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

      2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына техникалық шарт (бұдан әрі – техникалық шарт).

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-дан бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады;

      2) ХҚО - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау және нәтижелерді беру жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" тәртіппен жүзеге асырылады, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық кезекті брондауға болады.

      3) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге не ХҚО-ға жүгінгенде:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтініш;

      2) белгіленген тәртіппен бекітілген, әзірленген жобалық құжаттама;

      3) жұмыстарды жүргізу орындарында белгілер мен қоршауларды орналастыру схемасы;

      4) жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік кестесі;

      5) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін).

      порталға жүгінгенде:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) белгіленген тәртіппен бекітілген, әзірленген жобалық құжаттама – электрондық түрдегі құжат;

      3) жұмыстарды жүргізу орындарында жол белгілері мен қоршауларды орналастыру схемасы – электрондық түрдегі құжат;

      4) жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік кестесі – электрондық түрдегі құжат.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін портал арқылы немесе уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландыратын электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші және ХҚО қызметкері мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚО қызметкері түпнұсқаларды көшірмелерімен немесе электрондық түрдегі көшірмелерімен салыстырады, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіде – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттардың топтамасын қабылдаған күн мен уақытын көрсете отырып, оның көшірмесіне қойылған белгі;

      ХҚО-да – мыналар:

      1) сұрау салуды қабылдау нөмірі мен күні;

      2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;

      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

      4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

      5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының не ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

      6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетілген, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат қағаз жеткізгіштегі өтініштің тасығышта қабылданғанын растау болып табылады.

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және мемлекеттік қызметті беруші басшысының мөрімен және қол қоюымен куәландырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді ХҚО қызметкері қолхат негізінде және онда көрсетілген мерзімде "кедергісіз қызмет көрсету" арқылы, жеке өзі келген кезде, қолын қойғызып және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсыну арқылы жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке "кабинетіне" жолданады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының, ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің
мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне,
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, қабылдау бөлмесінің телефоны 8 (7172) 24-33-83.

      Шағым жазбаша нысанда жұмыс күндері почта не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыларды айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

      ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына беріледі.

      ХҚО кеңсесіне қолма-қол, сондай-ақ почта арқылы келіп түскен шағымды тіркеу оның қабылданғанын растау (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа жазылады) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін ХҚО басшысына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Шағымда:

      жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы;

      заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда қызмет
көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де
талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында ("Автомобиль жолдары комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде) орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24-33-83. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: (1414).

  "Халықаралық және республикалық
маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен,
байланыс және электр беру желілерімен, мұнай
құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және
темір жолдармен және басқа да инженерлік желілермен"
және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация

      министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті

      _____________________________________________________

      (басшының Т.А.Ә.)

      _____________________________________________________

      (жеке тұлғаның Т.А.Ә. не

      _____________________________________________________

      заңды тұлғаның толық атауы)

      _____________________________________________________

      (жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын

      _____________________________________________________

      куәландыратын құжаттардың деректемелері,

      _____________________________________________________

      байланыс телефоны, мекенжайы)

ӨТІНІШ

      Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының

      арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай

      құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен,

      басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына

      техникалық шартты беруіңізді сұраймын.

      Мен жолдар мен жол құрылыстарын қалпына келтіру бойынша

      жұмыстардың қаржыландырылуын қамтамасыз етуге міндеттенемін.

      Егер де жұмыстар елді мекендердің шегінде көзделетін болса:

      Құжат _________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       (күні) (рұқсатты берген органның атауы)

      берілген жергілікті атқарушы органдардың № _________________ рұқсаты.

      Күні _______ Алушы __________________________________________________

       (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе

      __________________________________________________

      заңды тұлғаның не уәкілетті тұлғаның

      __________________________________________________

      атауы, қолы)

  "Халықаралық және республикалық
маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен,
байланыс және электр беру желілерімен, мұнай
құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және
темір жолдармен және басқа да инженерлік желілермен"
және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.

      не ұйымның атауы)

      __________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15

      сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын

      басшылыққа ала отырып, "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК

      филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік

      көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың

      жиынтығын толық ұсынбауыңызға байланысты, мемлекеттік қызметті

      көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды

      қабылдаудан бас тартады:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ___________________________________________________________;

      2) ___________________________________________________________;

      3) ….

      Осы қолхат әр тарапқа бір бірден 2 данада жасалды.

       Т.А.Ә. (орталық қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. ___________________________________________________

      Телефон _____________________________________________________________

      Қабылдады: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы "___" ________________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 7 ақпандағы
№ 64 қаулысымен
бекітілген

"Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы жолдарға кiрме
жолдарды және оларға жалғасатын жолдарды салуға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы жолдарға кiрме жолдарды және оларға жалғасатын жолдарды салуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының облыстық филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

      "электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) немесе "Е-лицензиялау" www.elicense.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге не ХҚО-ға құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

      2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – кiрме жолдарды және жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар жолдарға жалғасатын жолдарды салуға техникалық шарт (бұдан әрі – техникалық шарт).

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс кестесіне сәйкес 12.30-дан бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады;

      2) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау және нәтижелерді беру жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" тәртіппен жүзеге асырылады, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық кезекті брондауға болады.

      3) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге не ХҚО-ға жүгінгенде:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтініш;

      2) жұмыс жобасы;

      3) автомобиль жолының атаулары мен мекенжайын (км+м) көрсете отырып, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына жанасу, қиылысу схемасы;

      4) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына жанасатын, қиылысатын жерде жұмыстарды жүргізу орындарында белгілер мен қоршауларды орналастыру схемасы;

      5) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін).

      порталға жүгінгенде:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) жұмыс жобасы – электрондық түрдегі құжат;

      3) автомобиль жолының атаулары мен мекенжайын (км+м) көрсете отырып, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына жанасу, қиылысу электрондық – схемасы түрдегі құжат;

      4) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына жанасатын, қиылысатын жерде жұмыстарды жүргізу орындарында белгілер мен қоршауларды орналастыру электрондық – схемасы түрдегі құжат.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін портал арқылы немесе уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландыратын электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші және ХҚО қызметкері мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚО қызметкері түпнұсқаларды көшірмелерімен немесе электрондық түрдегі көшірмелерімен салыстырады, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіде – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттардың топтамасын қабылдаған күн мен уақытын көрсете отырып, оның көшірмесіне қойылған белгі;

      ХҚО-да – мыналар:

      1) сұрау салуды қабылдау нөмірі мен күні;

      2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;

      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

      4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

      5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының не ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

      6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және мемлекеттік қызметті беруші басшысының мөрімен және қол қоюымен куәландырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді ХҚО қызметкері қолхат негізінде және онда көрсетілген мерзімде "кедергісіз қызмет көрсету" арқылы, жеке өзі келген кезде, қолын қойғызып және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсыну арқылы жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке "кабинетіне" жолданады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының, ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің
мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне,
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, қабылдау бөлмесінің телефоны 8 (7172) 24-33-83.

      Шағым жазбаша нысанда жұмыс күндері почта көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыларды айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

      ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына беріледі.

      ХҚО кеңсесіне қолма-қол, сондай-ақ почта арқылы келіп түскен шағымды тіркеу оның қабылданғанын растау (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа жазылады) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін ХҚО басшысына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Шағымда:

      жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы;

      заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда қызмет
көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де
талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында ("Автомобиль жолдары комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде) орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 27-88-00. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: (1414).

  "Республикалық маңызы бар жалпы
пайдаланымдағы жолдарға кiрме жолдарды және
оларға жалғасатын жолдарды салуға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация

      министрлігінің "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ___________ облыстық филиалы

      _______________________________________________________________

      (басшының Т.А.Ә.)

      _______________________________________________________________

      (жеке тұлғаның Т.А.Ә. не

      _______________________________________________________________

      заңды тұлғаның толық атауы)

      _______________________________________________________________

      (жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын

      _______________________________________________________________

      куәландыратын құжаттардың деректемелері,

      _______________________________________________________________

      байланыс телефоны, мекенжайы)

ӨТІНІШ

      Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы жолдарға кiрме

      жолдарды және оларға жалғасатын жолдарды салуға техникалық шарт

      беруіңізді сұраймын.

      Автомобиль жолының титулы (атауы) ____________________________,

      Жұмыс өндірісінің түрі _______________________________________,

      Мекенжайы ____________________________________________________.

      Күні _______ Алушы ____________________________________________

       (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе

      ____________________________________________

       заңды тұлғаның не уәкілетті тұлғаның

      ____________________________________________

      атауы, қолы)

  "Республикалық маңызы бар жалпы
пайдаланымдағы жолдарға кiрме жолдарды және
оларға жалғасатын жолдарды салуға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.

      не ұйымның атауы)

      __________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15

      сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын

      басшылыққа ала отырып, "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК

      филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік

      көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың

      топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, мемлекеттік қызметті

      көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды

      қабылдаудан бас тартады:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ___________________________________________________________;

      2) ___________________________________________________________;

      3) ….

      Осы қолхат әр тарапқа бір бірден 2 данада жасалды.

       Т.А.Ә. (орталық қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. ___________________________________________________

      Телефон _____________________________________________________________

      Қабылдады: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы "___" ___________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады