Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімі аппаратының 11.12.2014 N 16-1.-3-19/2830 хаты)
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Петропавл қаласында Петропавл қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орындар белгіленсін, қосымшаға сәйкес.
2. Петропавл қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың Петропавл қаласы бойынша сайлаушылармен кездесуі үшін шарт негізінде Қаныш Сәтбаев атындағы көше, 37 мекен-жайында орналасқан «Қалалық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны үй-жайы берілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е. С. Баллоға жүктелсін.
4. Осы қаулы оны бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Т. Закариянов
«Келісілді»
Петропавл қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы Н. Петров
Петропавл қаласы әкімдігінің
20 ақпан 2014 жылғы
№ 266 қаулысына
қосымша
Петропавл қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған Петропавл қаласындағы орындар
№ |
Елді мекеннің атауы |
Орналасқан жері |
Орналастыру үшін объектінің атауы |
1 |
Петропавл қаласы |
Мир – Г. Мүсірепов көшелерінің қиылысы, «Караван» дүкені жағынан |
Металл қалқандар |
2 |
Петропавл қаласы |
Жамбыл атындағы – Строительная көшелерінің қиылысы |
Металл қалқандар |
3 |
Петропавл қаласы |
Ніл Болатбаев көшесінің бойы, «Түркістан» мейрамханасына кіреберіс жаны |
Металл қалқандар |
4 |
Петропавл қаласы |
Хименко – Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысы, «Сулпак» дукеніне бүйір жақ жаны |
Металл қалқандар |
5 |
Петропавл қаласы |
Рижская көшесінің бойындағы «3-ші қалалық аурухана» аялдамасының жаны |
Металл қалқандар |
6 |
Петропавл қаласы |
Ш.Уәлиханов көшесінің бойындағы «Қазақ-түрік лицейі» аялдамасының жаны |
Металл қалқандар |