Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 24.11.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Респуликасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (2014 жылғы 24 қаңтарда №2515 мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде тіркелді, 2014 жылғы 29 қаңтарда "Қызылжар Нұры" және "Проспект СК" газеттерінде жарияланған) Петропавл қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларындағы 1, 2, 3 қосымшалар осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы Петропавл қалалық мәслихат хатшысы "КЕЛІСІЛДІ" Солтүстік Қазақстан облысының Әкімі Ли В.Б. Жалмұқанова Л.Ж. Сұлтанов Е.Х. |
Петропавл қалалық мәслихаты сессиясының | |
2014 жылғы "07" қарашадағы № 6 | |
шешіміне 1 қосымша | |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, | |
оның мөлшерлерін белгілеудің және | |
мұқтаж азаматтардың жекелеген | |
санаттарының тізбесін айқындаудың | |
қағидасына | |
1 қосымша |
Алушылар санаты тұрғысында, әлеуметтік көмек көрсетуге атаулы күндер мен
мереке күндерінің тізбесі
№ р/с | Алушылар санаты | Айлық есептік көрсеткішке еселі, әлеуметтік көмек мөлшері | |
15 ақпан – "Ауған аумағынан әскерді шығару күні" | |||
1 | Бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер. | 15 АЕК | |
2 | Бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер. | 15 АЕК | |
3 | Басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлер. | 15 АЕК | |
4 | Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы. | 15 АЕК | |
5 | 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүрiп жатқан басқада мемлекеттерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер | 15 АЕК | |
6 | Бұрынғы КСР Одағы Мемлекет қауiпсiздiгi комитетiнiң Ауғанстанда уақытша болған және совет әскерлерiнiң шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi | 15 АЕК | |
8 наурыз – "Халықаралық әйелдер күні" | |||
7 | "Алтын алқамен", "Күміс алқамен", І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар | 5 АЕК | |
26 сәуір – "ЧАЭС апатты еске алу күні" | |||
8 | 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар. | 15 АЕК | |
9 | Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары. | 15 АЕК | |
10 | Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасы. | 15 АЕК | |
11 | Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасы. | 15 АЕК | |
12 | 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда. | 15 АЕК | |
9 мамыр – "Жеңіс күні" | |||
13 | Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері. | 50 АЕК (2015 жылғы 9 мамырды қоспағанда) | |
14 | Қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілер, сондақ-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары. | 5 АЕК | |
15 | Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар. | 5 АЕК | |
16 | Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңізші бала ретінде болғандар. | 5 АЕК | |
17 | Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамына қатысқан адамдар. | 5 АЕК | |
18 | Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз және Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметшілер жағдайына көшірілген және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында тұтқындалған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері. | 5 АЕК | |
19 | Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар. | 5 АЕК | |
20 | Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары. | 5 АЕК | |
21 | Әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар. | 5 АЕК | |
22 | 1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Украин ССР-і, Беларусь ССР-і, Литва ССР-і, Латыш ССР-і, Эстон ССР-і аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдік батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет міндетін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар. | 5 АЕК | |
23 | Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы. | 5 АЕК | |
24 | Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi). | 5 АЕК | |
25 | Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар. | 5 АЕК (2015 жылғы 9 мамырды қоспағанда) | |
2015 жылғы 9 мамыр – "Жеңіс күні" | |||
26 | Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері. | 100 | |
27 | Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар. | 25 | |
7 мамыр – "Отанды қорғау күні" | |||
28 | Бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы. | 5 АЕК | |
29 | Бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы. | 5 АЕК | |
31 мамыр – "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні" | |||
30 | Бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіннен тікелей зардап шеккен және қазіргі кезде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар. | 15 АЕК | |
31 | Қазақстан Республикасының қазiргi аумағында өздерiне қуғын-сүргiндер қолданылғанға дейiн тұрақты өмiр сүрген адамдар мына төмендегi жағдайларда танылады: а) бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргiндердi кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы; б) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде (жай адамдар мен әскери қызметшiлердi) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы; в) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшiн шақырылғаннан кейiн қуғын-сүргiндердiң қолдануы; г) қуғын-сүргiндердi орталық одақтық органдар: КСРО Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, СКРО Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, КСРО Iшкi iстер халық комиссариаты - Мемлекет Қауiпсiздiгi министрлiгi - Iшкi iстер министрлiгi жанындағы айрықша кеңестiң, КСРО Прокуратурасы мен КСРО iшкi iстер халық комиссариатының Тергеу Iстерi жөнiндегi комиссиясының және басқа органдар шешiмдерi бойынша қолдануы; д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады. | 15 АЕК | |
32 | КСР Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар | 15 АЕК | |
33 | Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары | 3 АЕК | |
30 тамыз – "Қазақстан Республикасының Конституциясы күні" | |||
34 | Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, Петропавл қаласының құрметті азаматтары | 10 АЕК |
* Бір мезгілде бірнеше негіздемелер бойынша әлеуметтік көмек алуға кұқығы бар тұлғаларға, көмек түрі тек қана бір негіздеме бойынша ғана төленеді
Петропавл қалалық мәслихаты сессиясының | |
2014 жылғы "07" қарашадағы № 6 | |
шешіміне 2 қосымша | |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, | |
оның мөлшерлерін белгілеудің және | |
мұқтаж азаматтардың жекелеген | |
санаттарының тізбесін айқындаудың | |
қағидасына | |
2 қосымша |
Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, зілзала апаттарынан
немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде
әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері
№ р/с | Әлеуметтік көмек алушылардың санаты | Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері | Әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері |
3 | Зілзала апаттарынан немесе өрт салдарынан зардап шеккен отбасылар (азаматтар) | 70 айлық есептік көрсеткіш | j Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей |
Петропавл қалалық мәслихаты сессиясының | |
2014 жылғы "07" қарашадағы № 6 | |
шешіміне 3 қосымша | |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, | |
оның мөлшерлерін белгілеудің және | |
мұқтаж азаматтардың жекелеген | |
санаттарының тізбесін айқындаудың | |
қағидасына | |
3 қосымша |
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды
мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелердің
соңғы тізбесі
1) Жетiмдiк;
2) Ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;
3) Кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девианттық мiнез-құлық;
4) Туғаннан үш жасқа дейiнгi балалардың ерте психофизикалық даму мүмкiндiктерiнiң шектелуi;
5) Дене және (немесе) ақыл-ой мүмкiндiктерiне негізделген организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
6) Әлеуметтiк мәнi бар аурулардың және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардың салдарынан тыныс-тiршiлiгiнiң шектелуi;
7) Жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектiгi салдарынан өзiне-өзi күтiм жасай алмауы;
8) Әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соқтырған қатыгездiк;
9) Баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);
10) Бас бостандығынан айыру орындарынан босау;
11) Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұруы;
12) Табиғи апат немесе өрт, не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіруі, табыстарын есепке алмай;
13) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар тіс протездеуге, санаторлық-курорттық емделуге мұқтаж болуы;
14) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар, Семей ядролық сынақ полигоны аумағында зардап шеккен адамдардың Қазақстан Республикасы аумағы бойынша госпитальге жатуға мұқтаж болуы;
15) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған төрт және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар, толық емес көп балалы отбасылардың тұрғын үй жалын төлеуге мұқтаж болуы;
16) орташа жан басына шаққандағы табысы бес еселі күнкөрістің ең төменгі деңгейіндегі, Петропавл қаласына тұрақты жұмысқа келген медициналық жоғары оқу орындарының дәрігерлері мен түлектерінің біржолғы әлеуметтік көмекке мұқтаж болуы;
17) күндізгі оқу нысаны бойынша Солтүстік Қазақстан облысының жоғары оқу орындарында оқитын, күнкөрістің ең төменгі деңгейінен төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар, отбасылардан шыққан студенттердің оқу төлемақысын төлеуге мұқтаж болуы;
18) айрықша күн тәртібіндегі білім беру ұйымдарында ұсталатын кәмелетке толмағандарды табу.