Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 30 қарашада № 7637-15 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Петропавл қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешіммен бекітілген Қағидалардың 6-тармағының 8) тармақшасы 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қалалық мәслихат төрағасы А. Бердагулов

  2023 жылғы 24 қарашадағы № 2
  Шешіммен бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 27.03.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс), "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Петропавл қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) әлеуметтік көмек – әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ мереке күндері мен атаулы күндерге ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша статистика органдары есептейтін ең төменгі тұтыну себетінің құнына тең бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) - Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Петропавл қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 28.08.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы Қағидалар Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында тұрақты тұратын және тіркелген адамдарға қолданылады.

      4. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, Заңның 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1 тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабын-да көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек біржолғы, мерзімді түрде (ай сайын, жылына 1 рет) көрсетіледі.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу тәртібі

      6. Мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарына жылына 1 (бір) рет мерзімді түрде көрсетіледі:

      1) 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстан Демократиялық Республикасынан (бұдан әрі – АДР) шығарылған күніне:

      2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, бұрынғы КСР Одағы үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағы ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанға орай Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің АДР-дан шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер – 35 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанға орай Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің АДР-дан шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi - 35 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанға орай Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің АДР-дан шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi – 35 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанға орай Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің АДР-дан шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшiлер - 35 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанға орай Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің АДР-дан шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге - 35 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанға орай Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің АДР-дан шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      басқа елдерде әрекет еткен әскери құрамдарға қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілерге – 35 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жаралану, контузия алу, мертігу, ауру салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына - 35 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері – 35 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері - 35 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары - 35 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алғандар, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне:

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) Қорғаныс министрлігіне, Ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарына әскери міндеттілердің жиындарына шақырылған, қоғамға жат көріністерге байланысты төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) 9 мамыр - Жеңіс күніне орай:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай – ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау жөніндегі басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен жасырынып жұмыс істеушілеріне – 1 500 000 (бір жарым миллион) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының мүгедектері, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы темiржол учаскелерінде, қорғаныс шептерiнің, әскери-теңiз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерi, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлер – 1 500 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;

      майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдар – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының әскерлері мен ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдары - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдар - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған азаматтар - 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедек болған адамдар - 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасылары - 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы) - 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар - 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) 31-мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне:

      бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын – сүргіндерге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарға - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      егер:

      бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргіндерді кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;

      Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (қарапайым адамдар мен әскери қызметшілерді) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;

      Қазақстаннан тыс жерлерде әскери қызмет өткеру үшін шақырылғаннан кейін қуғын-сүргіндерді қолдануы;

      орталық одақтық органдардың шешімдері бойынша қуғын-сүргіндердің қолданылуы: КСР Одағы Жоғарғы Сотының және оның сот алқаларының, КСР Одағы біріккен мемлекеттік саяси басқармасының алқаларының, ішкі істер халық комиссариаты - мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі - КСР Одағының ішкі істер Министрлігі жанындағы ерекше кеңестің, КСР Одағы прокуратура комиссиясының және КСР Одағы ішкі істер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа да органдардың қолдануы;

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолдануы жағдайларында;

      Қазақстан Республикасының қазіргі аумағын құрайтын аумақта оларға қуғын-сүргін қолданылғанға дейін тұрақты тұрған адамдарға - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

      КСР Одағы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының актілері негізінде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдарға - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      ата–аналарымен бірге немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына, сондай-ақ қуғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оны қолдану нәтижесінде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      6) 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күніне:

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдарға және ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған сәуле ауруының салдарынан қайтыс болған немесе қайтыс болған мүгедектердің отбасыларына - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына эвакуацияланған (өз еркімен кеткен) адамдарға - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясының күніне:

      Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған адамдарға - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлерге, облыстың, қаланың құрметті азаматтарына - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қазіргі Қазақстан Республикасының аумағын құрайтын аумақта оларға қуғын-сүргін қолданылғанға дейін тұрақты тұратын адамдарға - 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде.

      7. Толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір реттік мөлшерінің шегінен аспайтын ескере отырып, кезең-кезеңімен (жылына бір рет) 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі, оның ішінде мынадай негіздер бойынша:

      жетімдiк және ата-ана қамқорлығының болмауы;

      жасы ұлғаюына байланысты, науқастануы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіздігі;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы (босатылғаннан кейін немесе пробация қызметіне есепке қойылғаннан кейін 6 айдан кешіктірмей жүгінген кезде) жағдайларында көрсетіледі.

      8. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарына табыстары есепке алынбай көрсетіледі:

      азаматқа (отбасына) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан оған немесе оның мүлкіне нұқсан келсе – тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) иелерінің біріне біржолғы 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, көрсету мерзімі табиғи зілзала, өрт фактісін растайтын құжаттың негізінде оған немесе оның мүлкіне залал келтірілген сәттен бастап алты айдан кешіктірілмеуі тиіс, отбасы мүшелерінің өлімі болған жағдайда - қаза тапқан адамға – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы ұсынатын тізім негізінде тұрақты күтім жасау және қосымша күшейтілген тамақтану үшін адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы бар балалардың ата-анасына немесе заңды өкіліне ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;

      әлеуметтік маңызы бар аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тіршілік әрекеті шектелетін азаматқа 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      "Денсаулық" жеке коммерциялық емес мекемесі, "MedicaLine" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 1 қалалық емхана", "№ 2 қалалық емхана", "№ 3 қалалық емхана" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары ұсынатын тізімдер негізінде туберкулезбен ауыратын және Солтүстік Қазақстан облысының облыстық фтизиопульмонология орталығы ұсынған тізім негізінде амбулаториялық емделуде жүрген азаматтарға қосымша тамақтануға - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      9. Әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына табыстарын есепке алмай көрсетіледі:

      Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және Заңның 8-бабында көрсетілген өзге де адамдарға жұмыс түрлері мен материалдарын міндетті түрде көрсете отырып, тіс протездеуді жүргізуге лицензиясы бар ұйымнан алынған төлем шотын ұсынған жағдайда, жоғарыда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат негізінде бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа, 70 (жетпіс) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын тіс протездеу ақысын төлеуге;

      Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және Заңның 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға, санаторлық-курорттық карта ұсынылған жағдайда, жоғарыда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат негізінде Петропавл қаласының емдеу-профилактикалық мекемелерінің Қазақстан Республикасының шипажайларының (профилакториялары) санаторлық-курорттық емдеуге арналған ұсынымдарына сәйкес кезең-кезеңімен (жылына бір рет) санаторлық-курорттық емдеу құны мөлшерінде;

      Қазақстан Республикасының шипажайларында (профилакторияларында) санаторлық-курорттық емделуге арналған Петропавл қаласының емдеу-профилактикалық мекемелерінің ұсынымдарына сәйкес санаторлық-курорттық емдеу түрінде әзірленген жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасы болмаған жағдайда жалпы аурудан бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және жеті жасқа дейінгі, бірінші, екінші, үшінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға санаторлық-курорттық емдеу құны мөлшерінде, ал санаторлық-курорттық картаны ұсынған кезде, олар "Әлеуметтік қызметтер порталы" арқылы жүзеге сырылатын болса, онда емдеу құны мөлшерінде, бірақ ағымдағы қаржы жылына санаторлық-курорттық емдеу құнын өтеудің кепілдік берілген сомасынан аспайтын мөлшерде кезең-кезеңімен (жылына бір рет). Жеті жасқа дейінгі, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмектің осы түрін көрсету кезінде бірінші, екінші, үшінші топтарға мүгедектігі бар баланы санаторлық-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің біріне әлеуметтік көмек көрсетілетін соманың жетпіс пайызы мөлшерінде, жоғарыда көрсетілген санаттағы мүгедектіктің белгіленген тобы негізінде қосымша көмек беріледі;

      уәкілетті ұйым ұсынатын тізім бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ тікелей ядролық сынақтарға қатысқан басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік ардагерлер мәртебесі бар адамдарға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы ұсынған тізімдер бойынша азаматтардан өтініштер талап етілмей, табыстарын есепке алмай, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға кезең-кезеңімен (ай сайын) 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жоғарыда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат негізінде әлеуметтік көмек көрсетіледі;

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, Заңның 8-бабында көрсетілген өзге де адамдарға, Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккендерге жоғарыда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат негізінде Петропавл қаласының емдеу-профилактикалық мекемелерінің жолдамасы бойынша, жол жүру фактісін растайтын құжат (жол жүру билеті, электрондық жол жүру билеті, билеттерге ақы төленгенін көрсететін банктік шоттан үзінді) және ауруханаға жатқызылу фактісін куәландыратын құжаттарды (емдеу-профилактикалық мекеменің үзіндісі немесе басқа құжаттар) ұсынған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауруханаға жатқызу орнына дейін және кері қарай көрсетілген көлік құралдарының бір түріне жөнелту станциясынан темір жол, автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жол жүру ақысын төлеуге мерзімді (жылына бір рет) көрсетіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 28.08.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Әлеуметтік көмек көрсетуге адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32609 болып тіркелген) сәйкес есептеледі.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі

      11. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмектен бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға және Үлгілік қағидалардың 13-21-тармақтарына сәйкес айқындалады.

      Әрбір жеке жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      12. Мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмекті алушылардан өтініштер мен қоса берілетін құжаттарды талап етпей, уәкілетті ұйымның немесе өзге де ұйымдардың сауалы бойынша ұсынылған тізімдер бойынша уәкілетті орган көрсетеді.

      13. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өз атынан немесе отбасы атынан әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (адамның (отбасы мүшелерінің) табыстарына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмек алу үшін, адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер берілмейді);

      3) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жатқызу үшін негіздердің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:

      табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжат, өлім жағдайында - отбасы мүшесінің қайтыс болу фактісін және онымен туыстық қатынастарды растайтын құжаттар;

      әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат;

      жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болу фактісін растайтын құжат;

      жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы фактісін растайтын құжат;

      жасы ұлғаюына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмау фактісін растайтын құжат;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғынын, пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжат;

      4) әлеуметтік көмекті есепке алуға арналған деректемелер.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 28.08.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      14. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жеткіліксіз болған жағдайда, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсету үшін ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      15. Өтініш беруші қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсына алмаса, онда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган тиісті мәліметтері бар өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдайды.

      16. Өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттары тіркелген күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      17. Осы Қағидалардың 14 және 15-тармақтарында көрсетілген жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттар қабылданған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      18. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіні қабылданған шешім туралы жазбаша хабардар (бас тартылған жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) етеді.

      19. Әлеуметтік көмек көрсетуге арналған шығыстарды қаржыландыру ағымдағы қаржы жылына арналған Петропавл қаласының бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      20. Әлеуметтік төлемдер 451-007-000 "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Әлеуметтік көмекті уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы сомаларды өтініш берушілердің жеке шоттарына аудару жолымен ұсынады.

      21. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Петропавл қаласынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттік немесе жеке медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады. Артық төленген немесе заңсыз алынған әлеуметтік көмек сомалары ерікті тәртіппен немесе сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

      22. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адам (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған;

      4) Петропавл қаласында тұрақты немесе уақытша тіркеу болмаған;

      5) учаскелік комиссия адамның (отбасының) материалдық жағдайына жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша дайындалған мұқтаждықтың жоқтығы туралы қорытындысы шығарылған;

      6) толық мемлекеттік қамтамасыз етуде, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарында болған жағдайларда жүзеге асырылады.

      23. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып, әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есебін жүргізеді.

  2023 жылғы 24 қарашадағы
  № 2 қосымша

Петропавл қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1."Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2515 болып тіркелген).

      2."Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Петропавл қаласы мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2817 болып тіркелген).

      3."Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Петропавл қаласы мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2014 жылғы 07 қарашадағы шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3016 болып тіркелген).

      4."Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Петропавл қаласы мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3594 болып тіркелген).

      5. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Петропавл қаласы мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2016 жылғы 08 желтоқсандағы шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3988 болып тіркелген).

      6."Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Петропавл қаласы мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 сәуірдегі шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4159 болып тіркелген).

      7."Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Петропавл қаласы мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2018 жылғы 26 қаңтардағы шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4772 болып тіркелген).

      8."Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Петропавл қаласы мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 шілдедегі шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5484 болып тіркелген).

      9."Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Петропавл қаласы мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2020 жылғы 23 сәуірдегі шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6277 болып тіркелген).

      10."Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Петропавл қаласы мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2020 жылғы 16 қазандағы шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2515 болып тіркелген).

      11.Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Петропавл қаласы мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26000 болып тіркелген).

      12. Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Петропавл қаласы мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2515 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады