«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31 бабының 2 тармағына, «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңы 3 бабы 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға келісті қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен мөлшерлерi айқындалсын.
2. Қоса берiлген Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы бекiтiлсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің орынбасары С.Ө. Мұқановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданының әкімі Қ. Қасенов
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысының
ішкі істер департаменті Аққайың
ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы А. Оспанов
2014 ж. 11 мамыр
Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 11 мамырдағы
№ 143 қаулысына
қосымша
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен мөлшерлерi
1. Аққайың ауданы әкімінің Құрмет грамотасы.
2. 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.
3. Бағасы 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын құнды сыйлық.
Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 11 мамырдағы
№ 143 қаулысына
қосымша
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы
Осы Қағида қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.
1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.
2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға «Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi iстер департаментi Аққайың ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – СҚО IIД Аққайың ауданының ІІБ) енгiзедi.
3. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.
4. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.
5. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша СҚО IIД Аққайың ауданының ІІБ бастығының бұйрығы шығарылады.
6. СҚО IIД Аққайың ауданының ІІБ ақшалай сыйақыны төлеудi және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.
7. Көтермелеулердi төлеуге қаражат облыстық бюджетте, Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті 252 003 «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу» бюджеттiк бағдарламасымен көзделедi.
8. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшiн азаматтарға Аққайың ауданы әкімінің Құрмет грамотасын, ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықтар берудi СҚО IIД Аққайың ауданының ІІБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.