"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 01 наурыздағы Заңы 74-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) қағидаларының 50-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесі есептемесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің орынбасарына С.Мұқановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а. | С. Мұқанов |
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 маусымдағы №196 қаулысына қосымша |
Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесі есептемесінің тәртібі
1. Осы ауданның Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесінің есептемесінің тәртібі "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) қағидаларының 50-тармағына сәйкес (әрі қарай Қағида) әзірленді, және ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесі есебін анықтайды.2. Коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қоры объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) ұсыну бойынша жылдық жалға алу ақының мөлшерлемесі қолданылатын коэффициенттер көлемін және базалық мөлшерлеме негізінде анықталады, салу үлгісі ескеріледі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, жайлылық дәрежесі, аумақтық орналастыру, жалға алушы қызметінің түрі, осы Қағиданың қосымшасына сәйкес жалға алушы ұйымдастырушылық-құқықтық үлгі және форма бойынша іске асырылады:
Ап = Рбс хSх Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
мында:
Ап – жылына коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қоры объектілерінің жылына 1 шаршы метрге жалгерлік ақысының жылдық мөлшерлемесі;
Рбс – 1 шаршы метрге жалгерлік ақының базалық мөлшерлемесі, жылына теңге;
S – жалгерлік алаң, шаршы метр;
Кт - коэффициент, салу үлгісі ескеріледі;
Кк - коэффициент, тұрғын емес үй-жайдың түрі ескеріледі;
Кск - коэффициент, жайлылық дәрежесі ескеріледі;
Кр - коэффициент, аумақтық орналастыру ескеріледі;
Квд - коэффициент, жалға алушы қызметінің түрі ескеріледі;
Копф - коэффициент, жалға алушы ұйымдастырушылық-құқықтық үлгісі ескеріледі;
Қолданылатын коэффициенттердің көлемі және базалық мөлшерлемесі, салу үлгісі ескеріледі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, жайлылық дәрежесі, аумақтық орналастыру, жалға алушы ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалгерлік) беруге жалгердің ұйымдастырушылық-құқықтық үлгісі.
Мүліктік жалдауға беруге (жалға алуға) жалдау ақысының есебі автокөлік құралдарына, жабдық және ауданның коммуналдық меншігіндегі мүлік, мемлекеттік тұрғын қорының объектісіз.
Мүліктік жалдауға беруге (жалға алуға) жылдық жалдау ақы автокөлік құралдарына, жабдық, ауданның коммуналдық меншігіндегі мүлік, мемлекеттік тұрғын емес қоры объектілерінсіз анықтьалады :
Ар = С х К1 х К2,
мында: Ар – жылына жалгерлік алаңның мөлшерлемесі;
С – жылына жалгероікке базалық мөлшерлеме, теңдеуімен қабылданатын С = (Sбал. х Nаморт.),
мында: S бал. – жалға берілетін объектінің бастапқы құны;
Nаморт. – Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, тіркелген активтердің өтелім нормасы негізінде жылдық төзім нормасы анықталады.
Кестеде коэффициент болмаған жағдайда, 1,0 тең коэффициент қабылданады.