Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесі есептемесінің тәртібін анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 196 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 шілдеде N 2876 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 6 ақпандағы N 51 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 06.02.2015 N 51 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 01 наурыздағы Заңы 74-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) қағидаларының 50-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесі есептемесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің орынбасарына С.Мұқановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің м.а. С. Мұқанов

  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 маусымдағы №196 қаулысына қосымша

Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесі есептемесінің тәртібі

      1. Осы ауданның Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесінің есептемесінің тәртібі "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) қағидаларының 50-тармағына сәйкес (әрі қарай Қағида) әзірленді, және ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесі есебін анықтайды.
      2. Коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қоры объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) ұсыну бойынша жылдық жалға алу ақының мөлшерлемесі қолданылатын коэффициенттер көлемін және базалық мөлшерлеме негізінде анықталады, салу үлгісі ескеріледі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, жайлылық дәрежесі, аумақтық орналастыру, жалға алушы қызметінің түрі, осы Қағиданың қосымшасына сәйкес жалға алушы ұйымдастырушылық-құқықтық үлгі және форма бойынша іске асырылады:
      Ап = Рбс хSх Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
      мында:
      Ап – жылына коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қоры объектілерінің жылына 1 шаршы метрге жалгерлік ақысының жылдық мөлшерлемесі;
      Рбс – 1 шаршы метрге жалгерлік ақының базалық мөлшерлемесі, жылына теңге;
      S – жалгерлік алаң, шаршы метр;
      Кт - коэффициент, салу үлгісі ескеріледі;
      Кк - коэффициент, тұрғын емес үй-жайдың түрі ескеріледі;
      Кск - коэффициент, жайлылық дәрежесі ескеріледі;
      Кр - коэффициент, аумақтық орналастыру ескеріледі;
      Квд - коэффициент, жалға алушы қызметінің түрі ескеріледі;
      Копф - коэффициент, жалға алушы ұйымдастырушылық-құқықтық үлгісі ескеріледі;
      Қолданылатын коэффициенттердің көлемі және базалық мөлшерлемесі, салу үлгісі ескеріледі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, жайлылық дәрежесі, аумақтық орналастыру, жалға алушы ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалгерлік) беруге жалгердің ұйымдастырушылық-құқықтық үлгісі.

№ п/п
Базалық мөлшерлеме
 
Әкімшілік-аумақтық бірлік
Базалық мөлшерлеменің көлемі
1
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы
Сәйкес жылғы республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіші
№ р/н
Коэффициент түрі
Коэффициент көлемі
1
Коэффициент, салу үлгісі ескеріледі (Кт):
 
1.1 офистік
1
1.2 өндірістік
0,8
1.3 қоймалық, гараждық, қазандық
0,6
1.4 спорттық ғимарат (стадиондар, спорттық залдар)
0,7
2
Коэффициент, тұрғын емес үй-жайдың түрі ескеріледі (Кк)
 
2.1 жеке тұрған құрылыс
1
2.2 ғимараттағы үй-жай
1
2.3 салынған-қосалқы бөлшек
0,9
2.4 жергілікті (жартылайподвалды) бөлшек
0,7
2.5 подвалды бөлшек
0,6
3
Коэффициент, жайлылық дәрежесі ескеріледі (Кск)
 
3.1 барлық инженерлік-техникалық жайғастыруға үй-жай үшін (электр қуаты, кәріз, сумен жабдықтау, жылу)
әртүрлі коммуникация түрлерінің болмауына байланысты, әр жоқ түріне 0,1 азаяды.
1,0
4
Коэффициент, аумақтық орналастыру ескеріледі (Кр):
 
 
4.1 аудандық орталық үшін
1
4.2 ауылдық елді мекендер үшін
0,5
5
Коэффициент, жалға алушы қызметінің түрі ескеріледі (Квд):
 
 
5.1 брокерлік қызмет үшін және кеден қызметін көрсету, айырбастау пункттері және мекемелер, қызметі нарықтық құнды қағаздармен байланысты, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалды кеңселер, адвокаттық кеңселер
3
5.2 коммуникациялық қызмет үшін, соның ішінде байланыс қызметі, автоматтандырылған телефон станциясы, пошталар, есептік-кассалық орталық банктар
2
 
5.3. тренажерлық залдарды ұйымдастыру үшін, фитнес-клубтар, техникалық қызмет көрсету станциясы, шеберханалар
2
 
5.4 қоғамдық тағамды ұйымдастыру үшін, қонақ үйлер қызметі немесе сауда және сауда-делдалдық қызметтер, дәріхана және дәріханалаық пункттер
3
 
5.5 оқу орындарында қоғамдық тағамды ұйымдастыру үшін
0,5
 
5.6 білім облысында қызмет көрсету үшін (мектептен тыс, оқушылар үшін үйірме қызметі, компьютерлік класстар), балалар және жасөспірімдер үшін дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау және мәдениет
1
 
5.7 өндірістік қызмет үшін
2
 
5.8 гараж, қойма, сақтау камералары
2
 
5.9 басқалары үшін
1,9
6
Коэффициент, жалға алушы ұйымдастырушылық-құқықтық үлгісі ескеріледі (Копф):
 
 
6.1 жеке кәсіпкерлер үшін өндірістік қызметті ұйымдастыру және тұрғындарға қызмет көрсету саласын дамыту, тек сауда-делдалдық қызметсіз.
0,9
 
6.2 жеке меншік үлгісімен құрылым үшін (акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік)
2
 
6.3 қоғамдық ұйымдар және бірлестік үшін
1
 
6.4 басқалары үшін
1
 
6.5 Аудандық бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін
0

      3. Мүліктік жалдауға беруге (жалға алуға) жалдау ақысының есебі автокөлік құралдарына, жабдық және ауданның коммуналдық меншігіндегі мүлік, мемлекеттік тұрғын қорының объектісіз.
      Мүліктік жалдауға беруге (жалға алуға) жылдық жалдау ақы автокөлік құралдарына, жабдық, ауданның коммуналдық меншігіндегі мүлік, мемлекеттік тұрғын емес қоры объектілерінсіз анықтьалады :
      Ар = С х К1 х К2,
      мында: Ар – жылына жалгерлік алаңның мөлшерлемесі;
      С – жылына жалгероікке базалық мөлшерлеме, теңдеуімен қабылданатын С = (Sбал. х Nаморт.),
      мында: S бал. – жалға берілетін объектінің бастапқы құны;
      Nаморт. – Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, тіркелген активтердің өтелім нормасы негізінде жылдық төзім нормасы анықталады.

№ п/п
Коэффициент түрлері
Коэффициент көлемі
1
Коэффициент, пайдалану мерзімі ескеріледі К1
 
 
Автокөлік құралдары;
- пайдалну бойынша 1 жылдан 5 жылға дейін
- пайдалану бойынша 5 жылдан аса
 
1,2
1,0
 
Жабдық және басқа мүліктер .
- пайдалну бойынша 1 жылдан 7 жылға дейін
- пайдалану бойынша 7 жылдан жоғары
 
1,2
1,0
2
Коэффициент, пайдалану жағдайы ескеріледі К2
 
 
Автокөлік құралдары, жабдық
- поблыс орталығының аймағында пайдалану бойынша
- облыстың басқа аумағында пайдалану бойынша
 
1,4
1,0

      4. Кестеде коэффициент болмаған жағдайда, 1,0 тең коэффициент қабылданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады