Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2014 жылы Айыртау ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 502 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2449 тіркелген, 2013 жылғы 26 желтоқсанда «Айыртау таңы», «Айыртауские зори» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
6 тармағы мынандай редакцияда мазмұндалсын:
«6. Қоғамдық қызметкерлердің жалақысы «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 03 желтоқсандағы Заңына сәйкес, ең төменгі жалақы көлемінде белгіленсін. Қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырылуын қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 01 қаңтарынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі А.Тастеміров