«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы 16 бабына, «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. 2015 жылдың қантарынан бастап наурызға дейін тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасы ер азаматтарының «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі әскерге шақыру учаскесінде (келісім бойынша) тіркеуін және медициналық куәландырылуын ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
2. Осы шешімнің орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Қ.Айтмұхаметовқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.