«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы 16 бабына, «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. 2015 жылдың қантарынан бастап наурызға дейін тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасы ер азаматтарының «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі әскерге шақыру учаскесінде (келісім бойынша) тіркеуін және медициналық куәландырылуын ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
2. Осы шешімнің орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Қ.Айтмұхаметовқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2015 жылдың қаңтарынан бастап наурызға дейін Қазақстан Республикасы ер азаматтарының Ақжар ауданының аумағында тіркеуін және медициналық куәландырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
ЖаңаСолтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 14 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 желтоқсанда N 3024 болып тіркелді
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз