Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 19.09.2023 № 8-94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 17.03.2022 № 17/193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Заградовка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер мен көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Заградовка ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қоса берілген Қағидалары бекітілсін.
3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Есіл ауданы мәслихатының | |
сессия төрайымы | Ғ. Аманжолова |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Есіл ауданы мәслихатының | |
хатшысы | Т. Мұқашев |
Солтүстік-Қазақстан облысы | |
Есіл ауданы мәслихатының | |
2014 жылғы 27 наурыздағы | |
№ 29/178 шешімімен | |
бекітілген |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 17.03.2022 № 17/193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округі аумағында ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтарының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Волошинка ауылдық округінің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің әкімі жергілікті қоғамдастық халқын ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, ақпараттық стендтерде баспа хабарландыруларын орналастыру және әлеуметтік желілерде "Facebook", "WhatsApp" тарату арқылы хабардар етеді.
7. Ауыл, көше шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында кәмелетке толмаған адамдардан, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардан, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардан басқа, тиісті ауылдың, оған қатысуға құқығы бар көшенің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан жағдайда өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын жасау үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындарының өкілдеріне кандидаттарды Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылар ұсынады.
11. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидат бойынша жеке жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Солтүстік-Қазақстан облысы | |
Есіл ауданы мәслихатының | |
2014 жылғы 27 наурыздағы | |
№ 29/178 шешімімен | |
бекітілген |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 17.03.2022 № 17/193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ р/н | Елді-мекеннің аталуы | Өкілдер саны (адам) |
1. | Заградовка ауылының тұрғындары үшін: | |
Береговая көшесі | 1 | |
Ершов көшесі | 1 | |
Мир көшесі | 1 | |
И.К. Шоль атындағы көше | 1 | |
Свердлов көшесі | 1 | |
Новоселов көшесі | 1 | |
Гвардейская көшесі | 1 | |
2. | Горное ауылының тұрғындары үшін | 2 |
3. | Жамбыл ауылының тұрғындары үшін | 1 |
4. | Тонкошуровка ауылының тұрғындары үшін | 2 |