Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Волошинка селолық окгугі әкімінің 9.07.2014 N 10 шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабы 7 тармағына сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Волошинка селолық округі Ивано-Петровка селосының аумағында құстардың Ньюкасл ауруы бойынша карантин іс-шараларының ветеринариялық режимін белгілеу туралы» «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының Есіл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2014 жылғы 12 мамырдағы № 67 ұсынысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Волошинка селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Волошинка селолық округі Ивано-Петровка селосында құстардың Ньюкасл ауруын айқындауына байланысты карантинді режимін енгізумен карантинді аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Карантинді тәртіпті енгізумен карантинді аймағының ветеринариялық режимі ошақтарын жою жөніндегі ветеринарлық іс-шаралардың кешенін өткізу мерзіміне белгіленеді.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
Волошинка селолық округінің әкімі Б. Бейсенбаев