Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық Кодексі 42-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жазасын тартушы сотталған тұлғаларды қоғамдық жұмыстарға тарту үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері қосымшаға сәйкес анықталсын.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған тұлғалар, арнайы дайындықты қажет етпейтін аумақты абаттандыруға байланысты және тағы басқа сондай қоғамдық-пайдалы жұмыстарға тартылады.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Б.Мәкеновқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғанан күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | И.Турков |
Ауданы әкімдігінің 2014 жылдың 10 қарашасындағы № 319 қаулысының қосымшасы |
1. Аумақты мұздан тазалау.
2. Аумақты қардан тазалау.
3. Аумақты қоқыстан тазалау.
4. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалау.
5. Аумақты арам шөптен тазалау.
6. Өсімдіктердің түбірлері
7. Ағаштарды кесу.
8. Ағаштарды ағарту.
9. Ағаштарды отырғызу.
10. Гүлдің клумбасын сиректету.
11. Көгалдыны қолмен қазу.
12. Шөпті шабу.
13. Ғимаратты ағарту.
14. Ғимаратты сырлау.