"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабы 1- тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылы 1 наурыздағы Заңының 74-бабының 3-тармағына, "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасының 50-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған ауданның коммуналдық мүлігін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Л.В. Топороваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жаряланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | И. Турков |
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 399 қаулысымен бекітілген |
Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидасы
1. Осы Қағида аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға (жалға) беру кезінде осы жалдық төлем мөлшерінің есебі (одан әрі – Қағида) "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалға) беру қағидасын бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалға) беру тәртібі" 50- тармағына сәйкес әзірленген және аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға (жалға) тапсырған кезде жалдық төлем мөлшерінің есептеу тәртібін анықтайды.2. Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын үй емес қордың объектілерін мүліктік жалға (жалға) ұсынған кезде жылдық жалдық төлем мөлшерінің есебі базалық ставкалар және құрылыс түрін ескеретін қолданылатын коэффициент мөлшерлері, тұрғын үй емес қорлар, жайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдастырушылық- құқықтық формасы негізінде анықталады және Жт= Жтбс х Жа х Қтк х Жде х Теғтк х Жқтк х Жұқфк х Аок формуласы бойынша іске асырылады, онда:
ЖТ деген: аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын үй емес қордың объектілерін жылына 1 шаршы метріне жылдық жалдық төлем мөлшері;
Жтбс – сәйкес жылға республоикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 1 шаршы метріне жалдық төлемнің базалық ставкасы, 1,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде , теңгемен белгіленеді;
Жа – жалға алынатын аумақ, шаршы метр;
Қтк – құрылыс түрін ескеретін еселік;
Ждк - жайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
Теғтк- тұрғын үй емес ғимараттың түрін ескеретін коэффициент;
Жқтк– жалға алушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
Жұқфк – жалдаушының ұйымдастыру- құқықтық формасын ескеретін коэффициент;
Аок – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
1-қосымшада есептеу үшін коэффициенттер келтірілген.
3. Жалдық төлемдердің есептеу құны айында формула бойынша анықталады:
Же =Жт * S/12, онда;
ЖЕ – айына жалдау төлемінің құны, теңге;
Жт - 1 шаршы метрге жалдау төлемінің жылдық мөлшері, жылына теңге;
S- жалдаушының алатын аумағы (көмекші есебімен).
4. Мемлекеттік тұрғын үй емес қорды алмағанда автокөлік құралдарын, жабдықтарды, жиһаздарды, инженерлік желілерді коммуникацияларды және аудандық коммуналдық меншіктің өзге мүліктерін мүліктік жалдауға (жалдау) жалдық төлем есебі.
Мемлекеттік тұрғын үй емес қорды алмағанда аудандық автокөлік құралдарын, жабдықтарды, инженерлік желілерді және коммуникацияларды және аудандық коммуналдық меншіктің өзге мүліктерін мүліктік жалдауға (жалдау) жылдық жалдау төлемі:
Жт = Бс х Пмк х Пжк
формуласы бойынша анықталады, онда:
Жт - деген: - жалдау төлемнің жылдық ставкасы;
Бс – жылға жалға алудың базалық ставкасы, қабылданатын С = (S бал. х Nаморт.);
S бал деген: - берілетін объектінің бастапқы құны;
Nаморт –жылдық тозу нормасы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес қаржылық активтердің ең соңғы амортизация нормалары негізінде анықталады;
Пмк- пайдалану мерзімін ескеретін коэффициент;
Пжк –пайдалану жағдайын ескеретін коэффициент;
2- қосымшада есептеу үшін коэффициенттер келтірілген.
5. Кестеде коэффициент болмаған жағдайда, 1- ге тең коэффициент қолданады.