Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса берілген Қызылжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатыныстарға таратылады.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихат сессиясының төрайымы, Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихат хатшысы |
А. Молдахметова |
"КЕЛIСIЛДІ" Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
С. Ескендіров |
Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 23/2 шешімімен бекітілген |
Қызылжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 19.12.2014 N 35/9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Солтүстік Қазақстан облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган – "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
8) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидалар Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында тұрақты тұратын адамдарға таралады.
4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – Алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігін және мөлшерін жергілікті атқарушы органның ұсынымы бойынша осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жергілікті өкілді органдар белгілейді.
7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
8. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері 2-қосымшаға сәйкес бекітіледі.Бұл ретте өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiрілуі не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;
3) облыстық ең төмен күнкөріс деңгейінің 20%-ынан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
9. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызуға арналған негіздемелердің соңғы тізбесі 3-қосымшада көрсетілген.
10. Әлеуметтік төлемдер 451-007-000 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бағдарламасы бойынша, бөлінген бюджеттік қаражат шегінде екінші деңгейдегі банктер немесе "Қазпошта" акционерлік қоғамы арқылы ақшалай қаражатты әлеуметтік көмек алушының жеке есепшотына аудару жолымен жүргізіледі.
11. Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
12. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
13. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын кұжатты (мекенжайы туралы анықтама);
3) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы 5, 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды ауылдық округтің әкіміне жібереді.
Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 18 және 19-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
23. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша (өтініш берушінің таңдауы бойынша) әлеуметтік көмек жылына 1 рет көрсетіледі. Бір жыл ішінде бір өтініш берушіге түрлі негіздемелер бойынша әлеуметтік көмек төлеуге тыйым салынады.
24. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін белгіленген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
25. Әлеуметтік көмек:1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
26. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.Қызылжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж адамдардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1- қосымша |
Әлеуметтік көмек көрсетуге атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшері және еселігі
Қызылжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж адамдардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 2 - қосымша |
Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзаланың және өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері
Қызылжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж адамдардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 3- қосымша |
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызуға арналған негіздемелердің соңғы тізбесі
1) жетiмдiк;2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девианттық мiнез-құлық;
4) үш жасқа дейiнгi балалардың ерте психофизикалық дамуы мүмкiндiктерiнiң шектелуi;
5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкiндiктерiне байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуы;
6) әлеуметтiк мәнi бар аурулардың және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардың салдарынан тыныс-тiршiлiгiнiң шектелуi;
7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектiгi салдарынан өзiне-өзi күтiм жасай алмауы;
8) әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соқтырған қатыгездiк;
9) баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;
11) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұруы;
12) кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы (2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап);
13) облыстық ең төмен күнкөріс деңгейінің 20 %-ынан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
14) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру;
15) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалардың табыстарын есепке алмағанда 2 жылда бір реттен артық емес, ұсынылған шот-фактураның құнына сәйкес тіс протездеуге (бағалы металлдар мен металл керамика, металл акрилден жасалған протездерден басқа) мұқтаждығы;
16) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалардың табыстарын есепке алмағанда Қазақстан Республикасының санаторийлері мен профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделу құны мөлшерінде жылына бір рет санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы,
17) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалардың, Семей ядролық сынақ полигоны аймағында зардап шеккен адамдардың өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей, жылына 1 рет Қазақстан Республикасының аумағында теміржол (плацкарт вагоны), автомобильдік жолаушылар (таксиден басқасы) көлігімен жөнелту станциясынан ауруханаға дейінгі және кейінгі жол шығындарын өтеуге мұқтаждығы;
18) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеуге мұқтаждығы;
19) Азаматта туберкулездің белсенді түрінің болуы, табыстарын есепке алмай, өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей, қосымша тамақтануға тоқсанына 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
20) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызылған азаматтардың осы Қағидалардың 3-қосымшасының 1-13 тармақтарына сәйкес облыстық ең төмен күнкөріс деңгейінің 20 %-ынан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы болған кезде өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей, жылына бір рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мұқтаждығы.
Қызылжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж адамдардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 4- қосымша |
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
_________________________ ________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)
Р/с № | Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Туған жылы |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
Өтініш берушінің қолы __________________ Күні ______________
Отбасының құрамы туралы
мәліметтерді куәландыруға уәкілетті
органның лауазымды тұлғасының Т.А.Ә.
_____________________
(қолы)
Қызылжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж адамдардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 5- қосымша |
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ
20__ ж. "___" _______
_____________________
(елді мекен)
2. Тұратын мекенжайы ___________________________________________
__________________________________________________________________
3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай ___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ___________ адам, оның ішінде:
Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____
адам.
Балалардың саны: _________
жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______
адам, оқу құны жылына ______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек)
_______________________________________________________________________________
5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше көрсету керек):
________________________________________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________
Отбасының табысы:
6. Мыналардың:
автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен
мәлімделген табыс)
___________________________________________________________________________________________________________________________________қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы
(оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі: ________________________________________________________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы:
________________________________________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
________________________ ________________________
Комиссия мүшелері:
________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым: ____________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні __________________ _____________________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Қызылжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж адамдардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 6- қосымша |
Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы
20__ ж. ___ ______
_________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты ____айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек ұсыну (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы) туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: __________________
Комиссия мүшелері: __________________
__________________
__________________
__________________
Комиссия хатшысы: __________________
Қорытынды
қоса берілген құжаттармен ___ данада
20__ ж. "___" ___________ қабылданды
__________
Құжаттарды қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы