"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағы 8-1-тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылға арналған жан басы қаржыландыруы мен ата-аналар төлемінің мөлшері, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Р.Е. Рамазановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Каменов |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 249 қаулысымен бекітілді |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім тапсырысы, бюджет есебінен қаржыландырылатын Қызылжар ауданының 2014 жылға арналған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы жан басылық қаржыландыру мен ата-аналар төлемінің мөлшері
| Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары тәрбиеленушілерінің саны | Бір тәрбиеленушіге айына (теңге) кететін шығынның орташа құны | ||
Орта білім беру ұйымдарының базасында ұйымдастырылған мектепке дейінгі шағын-орталықтар | Мектепке дейінгі ұйымдар (балалар бөбекжайы, бала бақшалар, бөбекжай- бақша, "мектеп-бала бақша" кешені) | Орта білім беру ұйымдарының базасында ұйымдастырылған мектепке дейінгі шағынорталықтар | Мектепке дейінгі ұйымдар (балалар бөбекжайы, бала бақшалар, бөбекжай- бақша, "мектеп- бала бақша" кешені) | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Қызылжар ауданы | 1225 | 585 | 8509,0 | 19233,0 |
кестенің жалғасы
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында айына жан басылық қаржыландыру мөлшері (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ата-аналар төлемінің айлық мөлшері (теңге) | ||||
Орта білім беру ұйымдарының базасында ұйымдастырылған мектепке дейінгі шағын-орталықтар | Мектепке дейінгі ұйымдар (балалар бөбекжайы, бала бақшалар, бөбекжай- бақша, "мектеп- бала бақша" кешені) | Орта білім беру ұйымдарының базасында ұйымдастырылған мектепке дейінгі шағын-орталықтар | Мектепке дейінгі ұйымдар (балалар бөбекжайы, бала бақшалар, бөбекжай-бақша, "мектеп-бала бақша" кешені) | ||
толық күнге болу | толық емес күнге болу | бөбекжай топтар | мектепке дейінгі топтар | ||
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
8509,0 | 19233,0 | 8660,0 | 3460,0 | 7548 | 8878,0 |