Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес, "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Молодогвардейское ауылдық округі Молодогвардейское ауылының аумағында жылқылардың ринопневмония ауруы бойынша шектеу іс-шараларының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2014 жылғы 25 маусымдағы № 12-11/178 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Молодогвардейское ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Молодогвардейское ауылдық округі Молодогвардейское ауылында жылқылардың ринопневмония ауруын айқындауына байланысты шектеу іс-шараларының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Шектеу іс-шараларының ветеринариялық режимі ошақтарын жою жөніндегі ветеринарлық іс-шаралардың кешенін өткізу мерзіміне белгіленеді.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Молодогвардейское ауылдық округі әкімінің м.а. |
Г. Удодова |