"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңының 28-бабы 4, 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мамлют аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірге (келісім бойынша) аудандық мәслихаттың депутатына барлық үміткерлер үшін № 10 сайлау округі аумағында үгiттiк басылым материалдарын орналастыру орны болып, Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы (орталық бөлік) мекенжайы бойынша орналасқан "Сказка" дүкенінің ғимараты жанындағы тақта белгiленсiн.
2. Аудандық мәслихаттың депутатына барлық үмiткерлердiң сайлаушылармен № 10 сайлау округі аумағында кездесулер өткiзу үшiн шартты негізде Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы (орталық бөлік), Ленина көшесі, 47, мекенжайы бойынша орналасқан мәдениет Үйінің акт залы ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппарат басшысы Қ.С. Сарбалиновқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы бiрiншi ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімі |
Е. Бекшенов |
"КЕЛІСІЛДІ": Мамлют аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы 11 қыркүйек 2014 жыл |
В. В. Целуйко |