2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы мен әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы N 163 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2014 жылғы 28 сәуірде N 2686 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихаты аппаратының 2015 жылғы 2 ақпандағы N 12.2.6-18/23 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихаты аппаратының 02.02.2015 N 12.2.6-18/23 хаты).
      Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну Ережесінің 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 05.11.2014 N 232 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі мәлімдеген қажеттілікті ескере отырып, 2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ұсынылсын:
      1) өтініш беру кезіне жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) өтініш беру кезіне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит;
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.
 
 

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданы мәслихатының
      XXIV-ші сессиясының төрағасы

Н. Өтегенов

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданы мәслихатының
      хатшысы

Қ. Шәріпов

О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Тайыншинского района Северо-Казахстанской области в 2014 году

Решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 31 марта 2014 года N 163. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 28 апреля 2014 года N 2686. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо аппарата маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 2 февраля 2015 года N 12.2.6-18/23)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо аппарата маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 02.02.2015 N 12.2.6-18/23).
      В соответствии с пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", пунктом 2 Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты утвержденных Постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 "Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" маслихат Тайыншинского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:
      Сноска. Преамбула - в редакции решения Тайыншинского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 05.11.2014 N 232 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      1. С учетом потребности, заявленной акимом Тайыншинского района Северо-Казахстанской области, предоставить специалистам в области зравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Тайыншинского района Северо-Казахстанской области в 2014 году:
      1) подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю на момент подачи заявления;
      2) социальную поддержку для приобретения или строительства жилья -бюджетный кредит в сумме, не превышающий одну тысячу пятисоткратный размер месячного расчетного показателя на момент подачи заявления.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2014 года.
 
 

      Председатель XXIV сессии
      маслихата Тайыншинского района
      Северо-Казахстанской области

Н. Утегенов

      Секретарь
      маслихата Тайыншинского района
      Северо-Казахстанской области

К. Шарипов